• ҚР ҰКО тіркеу куәліктерімен (кілттер, электрондық цифрлық қолтаңбамен) жұмыс


    НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жүйеде жұмысты бастау үшін қызметкерге қол қою құқығы бар заңды тұлғаға (немесе егер сізде ЖК болса жеке тұлғаға) электрондық-цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі-ЭЦҚ) бар болуы қажет.

    Жеке немесе заңды тұлғаға ЭЦҚ-ны алуға арналған барлық қадамдарды (ҚР ҰКО порталында https://pki.gov.kz/) алдын ала орындаңыз. Электрондық цифрлық қолтаңба кілттерімен жұмыс істеу үшін NCALayer бағдарламасын орнатыңыз.

    ЭЦҚ-мен жұмыс істеу үшін "ОМАРКЕТ" модулін орнату

    NCALayer нұсқасын жаңарту үшін жұмыс үстелінде бастау панелінің мәзірінде NCALayer (ҚР ҰКО) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймесімен басу қажет:




    Ашылған мәзірде "Шығу" түймесін басыңыз. Содан кейін NCALayer-ді қайта іске қосыңыз:




    Жұмыс үстелінде NCALayer іске қосылғаннан кейін, іске қосу панелінің мәзірінде NCALayer (ҚР ҰКО) белгішесін тінтуірдің оң жақ батырмасымен басу қажет:





    NCALayer бағдарламасын іске қосқаннан кейін, жұмыс үстелінде бастау панелінің мәзірінде NCALayer (ҚР ҰКО) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймесімен басу керек. Ашылған мәзірде "Модульдерді басқару" тармағын басыңыз:



    Ашылған нысанда "ОМаркет" модулін таңдап, "Модульді орнату" батырмасын басыңыз:



    "Модульді орнату" батырмасын басқаннан кейін, жүйе NCALayer қайта іске қосылғанын растау үшін нысанды көрсетеді. "Қайта қосу" батырмасын басу керек:



    Қайта іске қосқаннан кейін Жүйе модульді орнатады. "ОМАРКЕТ" модулі орнатылғанын тексеру үшін "Модульдерді басқару" мәзіріне өту қажет (жоғарыда осы бөлімге өту бойынша сипаттама берілген) және ашылған нысанда "Орнатылған" бағанында "Жоқ" деген мәнінен "Иә" деген мәніне өзгертілгеніне көз жеткізу қажет:




    Егер NCALayer қосымшасында модуль жаңартулары болса, "Модульдерді басқару" бөлімінде "Жаңартуларды жүктеу" батырмасы пайда болады. "NCALayer. Модульдерді басқару" нысанында жаңартуларды орнату үшін "Жаңартуларды жүктеу" батырмасын басыңыз:



    "Жаңартуларды жүктеу" батырмасын басқаннан кейін Жүйе "Қайта іске қосу" батырмасын басу қажет ететін модальді терезені көрсетеді:



    НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер NCALayer-ді жоғарыда келтірілген "NCALayer нұсқасын жаңарту сипаттамасы!" сипаттамасы нұсқауларына сәйкес жаңарту мүмкін болмаса, онда NCALayer-ді қайта жүктеп, http://pki.gov.kz/ncalayer сілтемесі бойынша дербес компьютерге орнатуыңыз керек.



    Сондай-ақ, дербес компьютерге "ОМАРКЕТ" модулін қолмен орнатуға болады. Төмендегі нұсқаулықтарды орындаңыз:

    "ОМаркет" модулін тікелей сілтеме арқылы жүктеуге болады:

    1. Егер ол іске қосылған болса, NCALayer-ді жабыңыз;
    2. Файлды https://omarket.kz/upload/market-signer-1.0.7.jar сілтемесі бойынша жүктеңіз;
    3. Оны C:\Documents and Settings\мұнда сіздің атыңыз \ Application Data\Carrier\bundles папкасына салыңыз;
    4. NCALayer-ді іске қосыңыз;
    5. "Модульдерді басқаруды"  ашып, бірақ ештеңені баспаңыз. Тек "ОМАРКЕТ" орнатылғанына көз жеткізіңіз (Орнатылған - Иә).
    6. Жасалған әрекеттерден кейін Жеке кабинетке кіріңіз.
    Нравится0