• 1. ЭЦҚ кілті арқылы OMarket.kz-ке кіру үшін басты парақшадағы "Кіру" батырмасын басып, "ЭЦҚ арқылы авторизация"-ны таңдау қажет:


    2. Бұдан әрі "ЭЦҚ сертификатын таңдау" батырмасын басу қажет. NCALayer қосымшасының модулі ашылады.

    Модульде ЭЦҚ сертификаттары бар папкаға апаратын жолды көрсету қажет. Ол үшін "Дербес компьютер"-ді басып, содан кейін "Қосу" батырмасын басыңыз:


    3. Пайдаланушының аутентификация сертификатын таңдау қажет (ҚР ҰКО сертификаттарын алған кезде әдетте сертификаттың аты AUTH_RSA... болып көрсетіледі). Құпиясөзді енгізіп, "қол қою" батырмасын басыңыз:


    4. Сертификат бойынша сәтті аутентификация өткеннен кейін, OMarket.kz жүйесінде ұйымның болуы тексеріледі. Тексеріс ЭЦҚ кілтінен алынған ұйымның БСН нөмірі бойынша орындалады.

    Егер ұйым OMarket.kz жүйесінде табылса, пайдаланушының жүйеде болуы тексеріледі. Тексеріс пайдаланушының ЭЦҚ кілтінен алынған ЖСН нөмірі бойынша орындалады.

    Тексеруден сәтті өткен кезде, Сізге пайдаланушының басты парақшасы ашылады. Сіз сәтті авторизацияландыңыз!

     

    Басқа жағдайлар:

    1.Егер OMarket.kz жүйесінде ЭЦҚ кілтінен алынған БСН нөмірі бойынша ұйым табылмаса, онда Сізге келесі хабарлама көрсетіледі:


    Бұл жағдайда тіркеуден өту қажет болады. Ұйымды тіркеу үшін ұйым басшысының немесе ұйымның атынан қол қою құқығы бар қызметкердің ЭЦҚ-сы қажет. Нұсқаулық: Тіркеу

    2. Егер OMarket.kz жүйесінде ұйым табылып, бірақ ЭЦҚ кілтінен алынған ЖСН нөмірі бойынша пайдаланушы сол ұйымның қызметкері болып табылмаса, онда Сізге келесі хабарлама көрсетіледі:


    Бұл хабарлама Сіз OMarket.kz жүйесінде аталған ұйымның қызметкері ретінде қосылмағаныңызды білдіреді. Бұл жағдайда ұйымның OMarket.kz жүйесінде «Администратор» рөлі бар қызметкерімен хабарласу қажет. Нұсқаулық: "Қызметкерлерді қосу".

     

    Нравится0