Жария оферта (6-нұсқа (18.08.2023 бастап жарамды))
«Omarket» интернет-дүкендерінің агрегаторын пайдалану бойынша қызмет көрсету туралы жария оферта шарты (ұсыныс).
1. Терминдер және анықтамалар.
Осы офертада төменде келтірілген терминдер мынадай мағыналарға ие және оның құрамдас ажырамас бөлігі болып табылады:
• Интернет-дүкендердің агрегаторы - https://omarket.kz интернет-мекенжайы бойынша орналасқан интернет-дүкендер агрегаторының функционалдығын ұсынатын Оператордың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Сайт). Осы оферта шеңберінде Интернет-дүкендердің агрегаторы және Дүкен ұғымдары оферта контексті бойынша тең және дәлме-дәл түсіндіріледі;
• Мемлекеттік сатып алудың веб-порталы – https://goszakup.gov.kz интернет-мекенжайы бойынша орналасқан, бұдан әрі веб-портал деп аталатын, мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі;
• Тапсырыс – Тапсырыс берушінің Дүкенді пайдалана отырып, Тауарға тапсырысты ресімдеуірәсімдеуі және Өнім берушінің Тауарға ресімделгенрәсімделген тапсырысты растауы немесе қабылдамауы;
• Тапсырыс беруші - «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен анықталған, Тапсырыс беруші ретінде Тауарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға ниеті және өкілдігі бар заңды тұлға;
• Жеке кабинет - логин мен парольді енгізу арқылы қол жеткізу жүзеге асырылатын, Дүкен қызметінің бір бөлігі;
• Деректерді өңдеу - Пайдаланушылар Дүкенге берген деректерді жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға, иесіздендіруге, бұғаттауға және жоюға бағытталған әрекеттер;
• Оператор – «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС (Қазақстан Республикасының бизнес сәйкестендіру нөмірі: 200140019273);
• Пайдаланушы – Өнім берушінің қызметкері;
• Өнім беруші – Тауарларды мемлекеттік сатып алу және/немесе сату туралы кейіннен шарттарды жасасу мақсатында, Дүкен арқылы Тауарларды сатуға тапсырысты өңдейтін заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер;
• Оферта – жария оферта, сайтта жарияланатын, Өнім берушілерге арналған, тауарларды сату кезінде Тараптар арасындағы қатынастарды реттейтін, осы «Omarket» интернет-дүкендерінің агрегаторын пайдалану бойынша қызмет көрсету туралы жария офертаның шарты;
• Тарап - Оператор, Өнім беруші;, Тапсырыс беруші;
• Тауар - Өнім берушілер іске асыратын тауарлар/жұмыстар/қызметтер;
• Тапсырыс бойынша деректерді өңдеу қызметі - Тапсырыс бойынша деректерді өңдеу;
• Жеткізу бойынша деректерді өңдеу қызметі – тауарды тасымалдауды (жеткізуді) және қайтаруды қамтамасыз етумен байланысты деректерді өңдеу, қызмет Оператормен жүк тасымалдауға шарттар жасасқан, жүк тасымалдарын жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - тасымалдаушылар) тауарларды тасымалдауды (жеткізуді) жүзеге асыруын қамтуы мүмкін;
• DDOS - интернет-ресурсты толық немесе ішінара істен шығаруға, не оның жұмыс істеу тәртібін бұзуға, не деректерге немесе функцияларға заңсыз қол жеткізуге қабілетті үшінші тараптардың іс-қимыл кешені;
• Дүкенді пайдалану шарттары – «Сервис және көмек» бөлімінің «Сату ережелері» тармағында жарияланған Дүкенде тауарларды сату ережелері.
2. Негізгі ережелер.
2.1. Шарттың мәтіні жария оферта болып табылады (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 395-бабының 5-тармағына сәйкес жария оферта - бұл ұсынысты жасаушы адамның ұсыныста көрсетілген талаптарда осы ұсынысқа жауап берген кез келгенмен шарт жасасу еркі қаралатын шарттың барлық маңызды талаптарын қамтитын ұсыныс).
2.2. Шарт жасасудың толық және сөзсіз келісімі (бұдан әрі – Акцепт) Дүкенде тіркелу кезінде Өнім берушінің келесі әрекеттерінің жиынтығы оның шарттарымен айқын келісімі болып табылады:
- Өнім берушінің тіркеу деректерін енгізу;
- Өнім берушінің электрондық нысандағы шартпен мәтініне танысу, электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою (Шарт талаптарымен келіскен жағдайда);
Шарттың акцепті шарт жасасуға және оның барлық қосымшаларына тең. Шарттың жасалған күні акцеп күні болып табылады.
Осы Шарттың акцепті бойынша әрекет жасай отырып, Өнім беруші өзінің құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін, сондай-ақ өзінің Оператормен шарттық қатынастарға түсуге заңды құқығын растайды.
Шарттың акцепті Өнім беруші осы ұсыныстың барлық ережелерімен келісетінін және шарт жасасуға және оның барлық қосымшаларына тең екенін білдіреді. Жоғарыда баяндалғанға байланысты, Шарттың мәтінін мұқият оқыңыз. Егер сіз Шарттың қандай да бір тармағымен келіспесеңіз, Оператор Сізге Шарттың акцептінен бас тартуды ұсынады.
3. Шарт мәні.
3.1. Оператор Тауар туралы ақпаратты орналастыру және тапсырыстарды өңдеу үшін Өнім берушіге Дүкен ұсынады. Дүкен деректерді автоматты өңдеуді қамтамасыз етеді, барлық деректер Дүкенде орналастырылады, немесе байланыс құралдарын пайдалану арқылы беріледі.
3.2. Өнім беруші Операторға ұсынылған Қызметтер үшін төлемді осы Шартта көзделген тәртіппен жүзеге асырады.
3.3. Тауарлардың бағасын Тапсырыс берушінің Тапсырыста жеткізу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ пайдаланылатын тасымалдаушылар көрсеткен кезде Өнім берушілердің Тауарларына бағаларды және Тауарларды жеткізу құнын қосу жолымен автоматты режимде Дүкен айқындайды.
3.4. Өнім берушілер Дүкенде орналастыратын Тауарлар туралы мәліметтер, оның ішінде, тауардың бағасы, сипаттамалары, жеткізу мерзімдері мен шарттарын қоса, бірақ олармен шектелмей, жария оферта болып табылмайды, бұл ретте Өнім берушінің Тауарды Дүкен белгілеген баға бойынша сату ниетін білдіреді.
3.5. Өнім беруші Тапсырысты растаған (акцептеген) кезде, Өнім беруші Тапсырыс берушінің Тапсырыста көрсетілген шарттарда тапсырысты ресімдеуінрәсімдеуін таниды және Тапсырыс беруші Тапсырыста көрсетілген параметрлер мен шарттар негізінде ресімделгенрәсімделген мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоюға сөзсіз келіседі.
3.6. Өнім беруші Тапсырыс акцептінің дүкенді пайдалану Шарттарында белгіленген уақыт ішінде болмауы Өнім берушінің Тапсырысты растаудан (акцептен) бас тартуы болып табылады.
3.7. Шарт Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, осындай қол қою құқығы бар тұлғаға электрондық нысанда Өнім беруші қол қойған сәттен бастап жасалған болып есептеледі.
3.8. Шартқа қол қою арқылы Өнім беруші Тарифтермен және Дүкенді пайдалану шарттарымен сөзсіз келісетінін растайды. Тапсырысты растау үшін қаражат салу да осы тармақта көрсетілген құжаттармен сөзсіз келісім болып табылады.
3.9. Өнім беруші тек жаңа тауарларды жеткізуге міндеттенеді (егер тұтынушы сатып алатын тауар пайдаланылған болса немесе онда кемшіліктер болса және (немесе) кемшіліктер жойылса, Өнім берушінің мұндай тауарды жеткізуге құқығы жоқ).
3.10. Дүкендегі кез келген әрекеттерді Сайттың интернет-беттерінде орналасқан анықтамалық ақпарат арқылы Дүкенде жұмыс істеу тәртібі туралы ақпаратты орналастыруды жүзеге асыратын Оператор анықтайды.
3.11. Оператор Дүкенді Тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу мақсатында тапсырыс беру үшін ұсынады.
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері:
4.1. Өнім берушінің құқығы:
4.1.1. Дүкенді және оның жұмыс нәтижелерін осы Шартта белгіленген шарттарда пайдалану;
4.1.2. Қолданыстағы заңнаманы бұзбай, сондай-ақ Операторға кез келген зиян келтірместен, қолданыстағы байланыс арналары мен коммуникация құралдары арқылы Дүкендегі жұмыс туралы ақпаратты жариялау және беру;
4.1.3. Шарттың қолданылу кезеңінде Дүкен логотипін жариялау, орналастыру;
4.1.4. Шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін Оператордың жазбаша келісімімен толық немесе ішінара басқа тұлғаға беругеберу;
4.1.5. Осы Шартта белгіленген талаптарда бухгалтерлік және салық есептілігін жүргізу үшін қажетті Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттаманы беруді талап ету.
4.1.6. Іске асырудың өзгерілетін шарттарымен, тарифтерімен, акцияларымен келіспеген кезде тауарларды сатудан алып тастау.
4.2. Өнім берушінің міндеттері:
4.2.1. Дүкенді осы Шартта көзделген талаптарда Шарттың, Дүкенді пайдалану жағдайларының талаптарына, сондай-ақ Дүкеннің интернет-беттерінде орналастырылған өзге де құжаттар мен материалдарға сәйкес пайдалану.
4.2.2. Интернет желісі арқылы Дүкенге қосылу үшін техникалық құралдар мен коммуникация арналарын қамтамасыз ету.
4.2.3. Операторға Шарттық міндеттемелерді орындауға байланысты оның сұрау салуы бойынша анық ақпарат беру.
4.2.4. Операторға көрсетілген Қызметтерді уақтылы төлеу.
4.2.5. Дүкен арқылы Тауарларды орналастыру, сату және жеткізу кезінде қолданыстағы заңнаманы сақтау.
4.2.6. Сату орындарында (сауда орындарында) Дүкеннің Логотипін кіру есіктерінде және/немесе кассада орналастыру.
4.2.7. Сатып алушылардың дербес деректерін тек қана Шарт және Тапсырыс берушімен жасалатын мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау шеңберінде пайдалану.
4.2.8. Тауарды сату мақсатында Тапсырыс расталғаннан кейін оны Тапсырыс берушіге берген немесе пошта қызметі жіберген сәтке дейін оны резервте сақтауды және оның өз есебінен сақталуын қамтамасыз етеді немесе нақты бекітілген Тасымалдаушының біркелкі жеткізу орнына жеткізуіжеткізуін қамтамасыз етеді.
4.2.9. Қызметтің немесе тауардың нақты құнын көрсету, ол оның ресми сайтында немесе сату бөлімдерінде белгіленгеннен аспауы тиіс.
4.2.10. Операторға дүкенДүкен арқылы өзекті, сенімді деректер мен құжаттарды ұсыну, сондай-ақ оларды өзекті жағдайда қолдауды қамтамасыз ету.
4.2.11. ҚҚС қойылған немесе алып тасталған жағдайда, растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, салық төлеушінің өзгерген мәртебесі туралы ақпаратты үш жұмыс күні ішінде беру.
4.2.12. Дүкенді пайдалану, немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мүмкіндігін болдырмайтын форс-мажорлық жағдайлардың басталғаны туралы Операторды хабардар ету. Хабарлама, егер ол осындай оқиға басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жасалса және ресми хат немесе Өнім берушілерді техникалық қолдаудың help-shop@ecc.markethelp@omarket.kz электрондық поштасына сканерленген хат арқылы жіберілсе, тиісінше ресімделген және жеткізілген болып саналады.
4.2.13. Басқа Тараптан алынған жалпыға қолжетімді ақпаратты қоспағанда, коммерциялық, қызметтік, қаржылық ақпаратты жария етпеу, мұндай ақпаратты жария ету Оператордың жазбаша келісімімен, немесе бұл Шартта, Өнім беруші мен Оператор арасындағы келісімдерде көзделген кезде және/немесе мұндай ақпарат Қызмет көрсету үшін қажет болғанда жүзеге асырылуы мүмкін.
4.2.14. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес дүкенде ұсынылатын Тауарға қажетті рұқсат беру және өзге де құжаттардың (индустриялық сертификат, мемлекеттік сатып алудың өнім берушілері тізімінде болуы, өзге де рұқсаттар мен құжаттар) болуын қамтамасыз ету.
4.2.15. Тасымалдаушы тауарды жеткізген жағдайда, Дүкеннің пайдалануДүкенді Пайдалану шарттарына сәйкес, тиісті орауыштар мен керекті жеткізу жағдайларыеқаптаманы және тауарды Тасымалдаушыға беру шарттарын қамтамасыз ету.
4.2.15. Тасымалдаушы тауарды жеткізген жағдайда, Дүкеннің пайдалану шарттарына сәйкес, тиісті орауыштар мен керекті жеткізу жағдайларые Тасымалдаушыға қамтамасыз ету.
4.2.16. Егер Өнім беруші ресми дистрибьютор немесе отандық өндіруші расталған Оператор болып табылса, онда бәсекелестікті әдейі шектеуге жол бермеу.
4.2.17. Өнім беруші кәсіби қарым-қатынас этикасын сақтау және қолдау көрсететін Omarket.kz Маркетплейсі Байланыс Орталығының қызметкерлеріне қатысты әдепсіз сөздерге жол бермеу.
4.3. Оператордың құқықтары:
4.3.1. Дүкеннің интернет-беттерінде орналастыра отырып, осы Шартқа, Тарифтерге, Дүкенді пайдалану шарттарына бір жақты тәртіпте өзгерістер енгізу;
4.3.2. ЖеткізушіменӨнім берушімен жазбаша келісімсіз жеткізу кезінде өз құқықтарымен бірегей міндеттерін Шартты орындау бойынша үшінші тұлғаларға беру ;
4.3.3. Қызметке алдын ала төлеуді талап ету, алдын ала төлем болмаған немесе төлем енгізілген сәтке дейін қарыз болған жағдайда Қызмет көрсетуден бас тарту;
4.3.4. Дүкенді пайдалану шарттарын бұзған Өнім беруші үшін немесе осындай шешімдерді қабылдау құзыретіне кіретін уәкілетті органның талабы бойынша Дүкеннің бір бөлігін немесе барлық функцияларын бұғаттау;
4.3.5. Өнім берушінің Оператор алдында Өнім берушінің берешегі туындаған жағдайда, Оператор Өнім берушінің қызметін бұғаттаубұғаттауға және жеке кабинетте көрсетілген Қызметтер үшін қаражатты жеке кабинетте есептен шығарушығаруға құқылы.
4.3.6. Тапсырысты өңдеу мерзімін жедел ұзарту, техникалық іркілістер фактілері расталған кезде жүзеге асырылған операцияларды жою.
4.3.7. Дүкенді жарнамалау/жылжыту мақсатында, сондай-ақ Дүкенде орналастырылатын тауарларды сату және жеткізуді жүзеге асыру мақсатында Өнім берушінің деректерін өңдеу, беру.
4.3.8. Орналастыру үшін санаттар көзделмеген тауарларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында сатуға тыйым салынған тауарларды орналастыруды немесе тасымалдауды шектеу.
4.3.9. Дүкенді пайдалану Талаптарына сәйкес Өнім берушінің рейтингі мен пікірлерін жүргізуді жүзеге асыру.
4.3.10. Мұндай өзгерістер жүзеге асырылғанға дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей Өнім берушілерді Дүкен және/немесе электрондық пошта арқылы хабардар ете отырып, акцияларды өткізу, талаптар мен тарифтердіТарифтерді өзгерту.
4.3.11. Өнім берушінің кез келген жосықсыз, заңсыз әрекеттерін немесе бағаны көтеруді болдырмау мақсатында Тауарларды орналастырудың заңдылығына құжаттарды, Өнім беруші Дүкенде орналастырған өзге де мәліметтерді тексеру.
4.3.12. Егер мұндай Тауарларға бағалар реттелетін болып табылса және бағаларды уәкілетті органдар белгілесе, ал Қазақстан Республикасында немесе оның қандай да бір өңірінде төтенше жағдай жарияланған кезде бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында Тауарлардың шекті бағаларын Өнім берушіні міндетті түрде хабардар ете отырып, белгілеу.
4.3.13. Егер Өнім беруші Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасында белгіленген бір немесе бірнеше талаптарға сәйкес келмесе, сондай-ақ өнім беруші құжаттардың кез келгенінде: осы Шартта, дүкенді пайдалану шарттарында, тарифтерде белгіленген талаптарды бұзған жағдайда, Өнім беруші үшін Дүкеннің бір бөлігін немесе барлығын бұғаттау, сонымен қатар тауарлардың немесе сауда (баға) ұсыныстарының барлық немесе жекелеген санаттарын орналастыруды шектеу, айыппұлдар мен қосымша төлемдер белгілеу.
4.3.14. Тауарлардың қолжетімділігін, сапасынҚол жетімділікті, сапаны, құнын, жеткізудің өзге де басқа да қасиеттері мен шарттарының дұрыстығынжеткізілім шарттарын тексеру мақсатында Дүкендегі тапсырыстарын жүзеге асыру.тауарларға тапсырыс беру. Тауардың мәлімделген талаптарға сәйкес келмеуі немесе қандай да бір шарттар шарттардың мәлімделгенге сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, сондай-ақ жеткізуден бас тартқантартылған жағдайда Өнім берушілерге шаралар қолдану. 4.3.15 осы Шартқа, дүкенді пайдалану шарттары мен тарифтерге сәйкес Өнім берушілердің сату ұсыныстарын сатудан алуқабылдау.
4.3.15. Осы Шартқа, Дүкенді пайдалану шарттарына және тарифтерге сәйкес Өінм берушілердің сауда ұсыныстарын сатудан алу.
4.3.16. Егер Өнім беруші байланыс орталығының қызметкерлеріне қарым-қатынастың кәсіби этикасы сақтамаса, дөрекілік танытса, балағат сөздер айтса, Омаркет маркетплейсі Оператордың қалауы бойынша Офертаның осы тармағын бұзған қолданушыға сайтты бұғаттауға дейін санкциялар қолдануға құқылы.
4.4. Оператордың міндеттері:
4.4.1. Өнім берушіге пайдалану үшін Дүкен ұсыну, Дүкеннің жұмысын қамтамасыз ету, Шарт талаптарын ескере отырып, Дүкен арқылы қызмет көрсету;
4.4.2. Шарттың, Тарифтердің талаптары өзгерген кезде Өнім берушіні бұл туралы Дүкен арқылы хабардар ету;
4.4.3. Дүкеннің интернет-бетінде көрсетілген, https://omarket.kz мекенжайы бойынша орналасқан байланыс құралдары арқылы Өнім берушіге техникалық қолдау көрсету;
4.4.4. Өнім берушіге Логотипті электрондық түрде жүктеу мүмкіндігін ұсыну;
4.4.5. Дүкенде жалпыға бірдей қолжетімді бөлігінде жарияланатын немесе мемлекеттік сатып алу веб-порталына берілетін деректерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен дербес деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету;
4.4.6. Дүкен Пайдаланушыларының әрекеттері мен деректері туралы ақпаратты сақтауды жүзеге асыру.
4.4.7. Басқа Тараптан алынған жалпы қол жетімді ақпаратты қоспағанда, коммерциялық, қызметтік, қаржылық ақпаратты жария етпеу, мұндай ақпаратты жария ету Өнім берушінің жазбаша келісімімен, немесе бұл Шартта, Өнім беруші мен Оператор арасындағы келісімдерде көзделген кезде және/немесе мұндай ақпарат Қызмет көрсету үшін қажет болғанда жүзеге асырылуы мүмкін.
4.5. Тапсырыс беруші құқықтары:
4.5.1. Дүкенді және оның жұмыс нәтижелерін осы Шартта белгіленген шарттарда пайдалану;
4.5.2. Қолданыстағы заңнаманы бұзбай, сондай-ақ Операторға кез келген зиян келтірместен, қолданыстағы байланыс арналары мен коммуникация құралдары арқылы Дүкендегі жұмыс туралы ақпаратты жариялау және беру;
4.5.3. Шарттың қолданылу кезеңінде Дүкен логотипін жариялау, орналастыру;
4.5.4. ШартОператорды толық немесе ішінара хабардар ете отырып, шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін Оператордың жазбаша келісімімен толық немесе ішінара хабардар етіңізбасқа тұлғаға беру;
4.5.5. Барлық Өнім берушілер үшін осы Шартқа, дүкендіДүкенді пайдалану шарттары мен тарифтерге қатаң сәйкестікте шектеулер енгізудің бірыңғай практикасын қолдану;
4.6. Тапсырыс беруші міндеттері:
4.6.1. Дүкенді осы Шартта көзделген талаптарда Шарттың, Дүкенді пайдалану жағдайларының талаптарына, сондай-ақ Дүкеннің интернет-беттерінде орналастырылған өзге де құжаттар мен материалдарға сәйкес пайдалану.
4.6.2. Интернет желісі арқылы Дүкенге қосылу үшін техникалық құралдар мен коммуникация арналарын қамтамасыз ету.
4.6.3. Операторға Дүкен арқылы өзекті деректерді ұсыну, сондай-ақ оларды өзекті жағдайда қолдауды қамтамасыз ету.
5. Төлем тәртібі және қызмет құны:
5.1. Тапсырыс бойынша деректерді өңдеу қызметі Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойған кезде Өнім берушіге расталған тапсырыс бойынша көрсетілген болып саналады.
5.2. Дүкен арқылы жүк тасымалдауды жүзеге асырудан бас тартқан кезде Жеткізу бойынша деректерді өңдеу қызметі («Өздігінен» жеткізу түрі таңдалған) Өнім беруші расталған тапсырыс бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойған кезде Өнім берушіге көрсетілген болып саналады. Тауарды өздігінен жеткізген жағдайда, Жеткізуді таңдау кезінде Оператор оператордың тарифтерімен белгіленген мөлшерде айыппұл өндіріп алуға құқылы.
5.3. Дүкен арқылы жүктерді тасымалдауды таңдау кезінде жеткізу бойынша деректерді өңдеу қызметі («OMarket арқылы жеткізу» жеткізу түрі таңдалды) «Тарифтер» бөліміне сәйкес белгіленеді және мынадай шарттардың кез келгені сақталған кезде Өнім беруші көрсеткен болып есептеледі:
- Тауарды жүк тасымалдаушы Операторға ұсынатын есепті құжаттар бойынша Тапсырыс берушіге жеткізген кезде;
- Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған сәттен бастап.
Егер Дүкен тапсырыста OMarket арқылы жеткізуді айқындаса және Өнім беруші жеткізу түрін Оператормен ауыстырудың келісімінсіз өздігінен жеткізуді жүзеге асырса, Жеткізу бойынша деректерді өңдеу қызметі тиісті түрде көрсетілген болып есептеледі және осы тармақтың бірінші абзацында белгіленген шарттар орындалған кезде төленуге тиіс.
5.4. Тауардың бүлінуі және/немесе толық көлемде немесе оның бір бөлігінде тасымалдаушының кінәсі болмаған жағдайда Тапсырыс берушінің тауарды қайтаруын өнімӨнім беруші Тарифтерге сәйкес төлейді. Тапсырыс берушінің кінәсінен расталған кезде көзделмеген, бірақ Оператормен алдын ала келісім бойынша тасымалдаушы іс жүзінде көрсеткен кез келген қызметтер жеткізу бойынша деректерді өңдеу қызметтеріне енгізіледі және Тарифтерде осындай қызметтердің құны көрсетілмеген кезде Тарифтерге сәйкес немесе тараптардың келісімі бойынша Өнім беруші Операторға төлеуге тиіс.
5.5. Тапсырыс беруші «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңында көзделген негіздер бойынша Өнім беруші растаған Тапсырыс бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, немесе өзге Тауарды таңдаған жағдайда Қызмет көрсетудің күші жойылады.
5.6. Қызметтерді құның жеткіліктілігіҚызметтердің құны Сайттың интернет-беттерінде орналасқанорналастырылған Оператордың Тарифтерімен анықталады.
5.7. Қызмет төлемі мынадай тәртіппен жүргізіледі:
5.7.1. Өнім беруші, Тарифтермен анықталған өлшемінде, ақшалай қаражатты (алдын ала төлеу мақсатында) Оператордың шотына ақша қаражатын (алдын ала төлемді) Тапсырыс расталғанғатапсырысты растағанға дейін тарифтермен белгіленген мөлшерде енгізуді жүзеге асырады. Салынған, енгізілген қаражат туралы мәліметтердеректер Өнім берушінің Жекежеке кабинетінде көрсетіледі. Тапсырысты растау тек қана Өнім берушінің Жекежеткізушінің жеке кабинетінде қызметтерге ақы төлеу үшін жеткілікті қаражат болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
5.7.2. Тапсырыс расталған жағдайда, Қызметтерді төлеу үшін ақшалай қаражат Жеке кабинетте бұғатталады. Расталған тапсырыс бойынша Қызмет көрсетілгеннен кейін, ақша қаражаты Өнім берушінің жеке кабинетіндегі шотынан алынады.
5.7.3. Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін (актілерін) Оператор есепті айдан кейінгі айдың 20 күнтізбелік күні ішінде Дүкен арқылы электрондық нысанда ұсынады. Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісіне (актілеріне) оларды көрсету мерзімі ұзақ болған және оларды жүк тасымалдаушылардың көрсеткендігі расталған жағдайда алдыңғы кезеңдердегі қызметтер енгізілуі мүмкін. Өнім беруші 5 жұмыс күні ішінде орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісіне (актілеріне) қол қояды.
5.7.4. Егер Өнім беруші Дүкен арқылы орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісіне (актілеріне) электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қоймаған, немесе Оператор орындаған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін (актілерін) берген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде электрондық почта арқылы және қағаз тасығышта жазбаша дәлелді бас тартуды жібермеген жағдайда орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісі (актілері) қабылданды, қызметтер тиісті түрде көрсетілді деп есептеледі.
5.7.5. Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісі (актілері) негізінде Оператор тек қана электрондық нысанда шот-фактура(лар) шығарады.
5.7.6. Дүкенде ресімделмеген және/немесе ескерілмеген, бірақ тауарларды Өнім берушіге жеткізу кезінде жүк тасымалдаушылар жүзеге асырған қызметтер бойынша Оператор көрсетілген қызметтердің жеке актісін ұсына алады (тарифтерге сәйкес немесе Тарифтерде мұндай қызметтердің құны көрсетілмеген жағдайда, тараптардың келісімі бойынша), әлде мұндай қызметтерді жүкті тасымалдаушымен өзара есеп айырысқаннан кейін келесі ай сайынғы көрсетілген қызметтердің актілеріне енгізе алады. Бұл ретте көрсетілген қызметтердің осындай актілеріне қол қою және ақы төлеуді Өнім беруші жоғарыда белгіленген мерзімде жүргізеді.
5.7.7. Пайдаланылмаған ақша қаражатын қайтару Өнім берушінің қағаз жеткізгіште ресімделген немесе Өнім берушінің қайтару үшін банктік деректемелерін көрсете отырып, Өнім берушінің электрондық почтасынан жіберілген өтініші бойынша 15 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.
5.7.8. Өнім беруші расталған Тапсырыс күші жойылған тауарға мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайда, Қызмет көрсетілді деп есептеледі және төленуге жатады. Қызметтердің құны жойылған Сұранымның құнымен анықталады.
5.7.9. Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісіне (актілеріне) қол қойғанға дейін төленбеген қызметтер бойынша төлем Дүкен арқылы орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісі (актілері) жіберілген күннен бастап 8 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
6. Тапсырыстарды орындау, тауарды қайтару.
6.1. Тапсырыстарды орындауды Өнім берушілер Тапсырысты ресімдеген Тапсырыс берушілермен мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар негізінде жүзеге асырады.
6.2. Тапсырыстарды жеткізуді Өнім берушілер өз бетінше немесе Дүкенде тіркелген тасымалдаушыларды пайдалана отырып жүзеге асыра алады.
6.3. Өнім берушілердің өз жеткізуі тиісті елді мекендердің әкімшілік шекаралары шегінде жүзеге асырылуы тиіс.
6.4. Тапсырыс тасымалдаушыТасымалдаушы арқылы Дүкен есептеген жеткізу сомасын ескере отырып расталған жағдайда,, тапсырысты растау кезінде Өнім беруші Тапсырыс берушінің мекенжайына жеткізудіатына жеткізудің толық алдын ала төлеуді, немесетөлемін не Дүкен тауарды жеткізуден бас тартқан жағдайда, Оператор комиссиясына Тарифтерге сәйкес тасымалдаушының Дүкеннің жеткізу құнын есептеуіесептегені (өңдегені) үшін ақыОператордың комиссиясын төлеуді жүзеге асырады.
6.5. Дүкенді пайдалану арқылы жеткізу Қазақстан Республикасының шегінде ғана Дүкеннің тасымалдаушылары жеткізуге болатын қалалар, елді мекендер немесе басқа объектілер тізіміне сәйкес жүзеге асырылады.
6.6. Өнім беруші Тауарды тасымалдаушының өкіліне тасымалдаушының курьерінің жеке басын және өкілеттігін куәландыратын құжаттарды тексергеннен кейін, немесе тікелей тасымалдаушының бөлімшелерінде береді.
6.7. ТасымалдаушыныңҚұжаттарды тасымалдаушының өкіліне құжаттарды беру кезіндеберген кезде Өнім беруші тауарды буылған түріндеТауарды оралған түрде және барлық талап етілетін ілеспе құжаттарды беруге тиіс. Буылуға койылатын талаптармен Қаптамаға қойылатын талаптар және құжаттардың ең аз тізбесі Дүкеннің пайдалану талаптарыменДүкенді Пайдалану шарттарымен белгіленеді.
6.8. Өнім беруші тауарды жеткізуге жәрдемдеседі, оның ішінде қажет болған жағдайда, жасалатын шарттардың талаптарына сәйкес Тапсырыс берушінің жағында Тауарды беруші тарапынан тауарды қабылдауды қамтамасыз етеді, тауарды уақтылы жеткізу мақсатында тасымалдаушы курьерінкурьерінің Тапсырыс берушінің байланысыменберушісінің байланыстарымен қамтамасыз етеді, сондай-ақ Тауарды уақтылы жеткізуді орындау үшін Оператормен кез келген қосымша шарттарды/қызметтерді жедел келіседі.
6.9. Дүкенді пайдалана отырып, тасымалдаушы жеткізетін Тапсырыс беруші тауарды қабылдаудан бас тартқан және/немесе тасымалдаушы Дүкенді пайдалана отырып жеткізетін тауарды қайтарған қайтарудан бас тартқан жағдайда, Өнім беруші Дүкенге Тарифтерге сәйкес тауарды сақтау және/немесе қайтару шығындарын төлейді, сондай-ақ, Оператормен тауарларды уақтылы жеткізу үшін Тарифтерге сәйкес немесе тараптардың келісімі бойынша, Тарифтерде осындай қызметтердің құны көрсетілмеген жағдайда, тасымалдаушының тауарды Өнім берушіге қайтару жөніндегі кез келген қосымша шарттар / қызметтерді жедел түрде келіседіқызметтерін төлейді.
6.10. Тауарды қайта жөнелтуді Өнім беруші өз бетінше немесе Тарифтерге сәйкес Дүкен арқылы жүзеге асыра алады.
7. Құпиялылық
7.1. Коммерциялық, қызметтік қаржылық ақпаратқа мыналар жатпайды: Тараптардың атауы мен Логотипі, Өнім берушінің сату нүктелерінің және филиалдарының мекен-жайлары мен жұмыс кестесі, Өнім берушінің байланыс деректері мен жұмыс кестесі, Өнім берушінің рейтингі, Өнім беруші туралы пікірлер, Дүкенде тапсырысты ресімдеу/қабылдамау/растау фактісі, дүкенде немесе мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыруға немесе Шарт талаптарына сәйкес тауарларды жеткізу бойынша қызметтер көрсету үшін Тараптарға немесе үшінші тұлғаларға айтуға жататын ақпарат, сондай-ақ еркін қол жеткізу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге мәліметтер.
8. Тараптардың жауапкершілігі
8.1. Оператор мынадай жағдайларды қоспағанда, Дүкеннің үздіксіз жұмыс істеуі үшін жауапты болады:
- профилактикалық жұмыстар кезеңінде жұмыс істеуін тоқтата тұру;
- аппараттық немесе бағдарламалық құралдардың, байланыс арналарының, электрмен қоректендірудің және/немесе үшінші тараптар қамтамасыз ететін өзге де құралдардың қолжетімсіздігінен немесе дұрыс жұмыс істемеуінен туындаған іркілістер;
- DDOS немесе Дүкенге келтірілген зиянға қарамастан, Дүкен инфрақұрылымына өзге шабуылдар;
- Оператордан тәуелсіз іркілістер;
- халықаралық интернет-байланысты шектеу.
8.2. Өнім беруші Дүкенде орналастырылған кез келген ақпараттың шынайылығы, орналастыру заңдылығы және өзектілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес Тауарларды сатуды жүзеге асыру және тасымалдау үшін талап етілетін лицензиялардың, рұқсаттардың және/немесе өзге де құжаттардың болуы үшін жауапты болады.
8.3. Тарап Дүкенде кез келген іс-қимыл жасауға мүмкіндік беретін логин және/немесе парольді, электрондық цифрлық қолтаңбаны және кез келген өзге де сәйкестендіру деректерін беруіне жауапты.
8.4. Өнім беруші уақтылы төлемеген жағдайда, Оператор төлемді кешіктірген әрбір күн үшін төлеуге жататын соманың 0,1%, бірақ 10% аспайтын мөлшерде өсімпұл төлеуді талап етуге құқылы. Өсімақы төлеу Өнім берушіні Оператор қызметіне ақы төлеуден босатпайды.
8.5. Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар шартқа сәйкес жауапты болады, бұл ретте тұрақсыздық айыбымен өтелмеген бөлігінде нақты залалды ғана өндіріп алуға жол беріледі. Оператор Өнім беруші мен Тапсырыс беруші арасындағы шарттық міндеттемелердің орындалуына, сондай-ақ шартты орындау кезінде Өнім беруші және Тапсырыс беруші және алушы шеккен кез келген тікелей немесе жанама залал үшін жауапты болмайды.
8.6. Тауарды ДүкенТауар дүкен арқылы жеткізілген жағдайда, Дүкен Өнім беруші, Тапсырыс беруші немесе алушы жеткізу шарттарын сақтаған жағдайда, тасымалдаушы қабылдаған тауарлардың сақталуына, оларды қабылдаған сәттен бастап Өнім берушінің жеткізу шарттарын сақтай отыра адресатқа тапсырғанға дейін. сақталуына жауапты болады..
8.7. Орамның бүтіндігі кезінде жөнелтімдердің мазмұны үшін Өнім беруші жауап береді.
8.8. Бір жіберілген затқа және/немесе әртүрлі адресаттары бар тауарларды жөнелтуге, немесе осы жіберілген затта және/немесе жөнелтуге жатпайтын тауарларды салған жағдайда, Өнім беруші Дүкеннің алдында Дүкенді пайдалану Талаптарына сәйкес жауапты болады және жеткізу төлемін және Тарифтерге сәйкес айыппұлды жүзеге асыруға міндетті.
8.9. Өнім беруші тасымалдауға тыйым салынған тауарларды жөнелту салдарынан дүкенгеДүкенге тікелей келтірілген залал үшін, сондай-ақ үшінші тұлғаларға келтірілген залал үшін (жанама залалдар мен жіберіп алған пайданы қоспағанда), егер осындай залал өнімӨнім берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына және дүкенді пайдалануДүкенді Пайдалану шарттарына сәйкес өз міндеттемелерін бұзуына әкеп соқса, толық материалдық жауаптылықта болады.
8.10. Дүкеннің жауапкершілігі тасымалдаушының кінәсі бойынша бұзылған кезде, тасымалдаушы Өнім берушіге және/немесе Операторға осындай жеткізу мүмкіндігі расталған кезде Өнім беруші Тапсырысты растағанға дейін тауарды жеткізу мерзімін өткізіп алуды төлеу, немесе тауардың құнын өтеу бөлігінде, жоғалған пайданы және / /немесе жанама шығындарды қоспағанда, жүк тасымалдаушының Дүкен алдындағы жауапкершілігімен шектеледі.
8.11. Тараптар осы шартты орындау шеңберінде берілген ақпараттың құпиялылығы үшін жауапты болады және оны шартты орындау мақсатында пайдалануға міндеттенеді, ақпаратты өзгеше пайдалану Тараптардың тиісті келісімдерімен реттелуге тиіс.
8.12. Тараптардың кез келгені осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін, егер бұл орындамау осы Шартқа қол қойылғаннан кейін туындаған еңсерілмейтін күш жағдайларынан туындаған болса, жауапкершіліктен босатылады. "Еңсерілмес күш жағдайлары" мұндай Тарап оған қолжетімді құралдармен алдын ала болжай алмаған немесе алдын ала алмаған төтенше оқиғаларды немесе жағдайларды білдіреді. Мұндай төтенше оқиғалар немесе жағдайлар, атап айтқанда: ереуілдер, су тасқыны, өрт, жер сілкінісі және өзге де табиғи апаттар, соғыс, әскери іс-қимылдар, мемлекеттік органдардың іс-қимылдары, сондай-ақ Тараптардың кез келгенінің ақылға қонымды бақылауынан тыс кез келген өзге де мән-жайларды қамтиды. Қандай да бір Тарапқа тікелей немесе жанама әсер ететін қолданыстағы заңнаманың немесе нормативтік актілердің өзгерістері еңсерілмейтін күш жағдайлары ретінде қарастырылмайды, алайда, Тараптардың кез келгені осы Шарт бойынша оның қандай да бір міндеттемелерін орындауға мүмкіндік бермейтін өзгерістер енгізілген жағдайда, Тараптарға осы Шарттың орындалуын жалғастыруды қамтамасыз ету үшін осы проблеманы жою жөніндегі жұмыс тәртібіне қатысты Тараптар дереу шешім қабылдауға міндетті.
8.13. Егер еңсерілмес күш жағдайлары Тапсырысты растау сәтіне дейін басталса және Өнім беруші Тапсырысты растаса, мұндай еңсерілмес күш жағдайлары Өнім берушінің міндеттемелері бойынша тең емес деп танылады.
9. Өзге талаптар:
9.1. Келісім-шарт жасау орны Нұр-Сұлтан қ. болып танылады.
9.2. Шартты өзгерту немесе толықтыру бір жақты тәртіппен, Шартқа өзгерістер немесе толықтырулар енгізбестен, Өнім берушінің Жеке кабинетінде көрсетілген Дүкен, электрондық пошта арқылы және/немесе Өнім берушіні хабардар ету СМС арқылы жасалады, өзгерістерді қолданысқа енгізу мерзімі хабарламада көрсетіледі, бірақ 5 жұмыс күнінен кем болмауы тиіс.
9.3. Егер Шартта, Оператор мен Өнім беруші арасындағы келісімдерде көзделмесе, Дүкенде орналастырылған кез келген материалдарды немесе деректерді көшіруге немесе шығаруға тыйым салынады.
9.4. Оператор қисынсыз жұмыстан немесе сыртқы ақпараттық жүйелердің қолжетімсіздігінен, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу веб-порталын қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, осындай жүйелердің жұмысын қамтамасыз ететін қызметкерлердің заңсыз әрекеттерінен туындаған кез келген шығындар үшін жауапкершілікті өзінен алып тастайды.
9.5. Өнім берушіні Шарттың өзгерістері туралы, оның ішінде Тарифтер мәселелері бойынша хабардар ету өзгерістер/толықтырулар, өзгертілген құжаттар, комиссиялар, жаңа редакцияда мынадай тәсілдердің кез келгені арқылы жүзеге асырылады: электрондық почта, почта байланысы, қолма-қол немесе Оператордың таңдауы бойынша электрондық құжаттар арқылы.
9.6. Тараптар Шарт бойынша туындаған дауларды, қайшылықтар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен реттеу жөнінде шаралар қабылдайды. Сотқа дейінгі тәртіппен реттелмеген кез келген даулар, қайшылықтар, келіспеушіліктер Оператордың орналасқан жері бойынша сот тәртібімен шешіледі.
9.7. Келісім-шарт қазақ және орыс тілдерінде жасалады.
10. Шарттың қолданылу мерзімі
10.1. Шарт Оператор Өнім берушіге тиісті хабарлама жіберу арқылы Шарттың қолданылуын тоқтатқан сәтке дейін мерзімсіз, немесе Оператор Өнім берушінің Шарттың қолданылуын тоқтату туралы жазбаша сұрау салуын растағанға дейін, бірақ Өнім берушіден осындай сұрау салуды алған күннен бастап 15 күнтізбелік күннен кешіктірмей қолданылады.
10.2. Шарттың қолданылуы кезеңінде қабылданған міндеттемелерді Тараптар Шарттың қолданылуына қарамастан орындауы тиіс.
11. Оператордың мекенжайлары және деректемелері:
«Электрондық коммерция орталығы» ЖШС
Мекенжайы: Астана қ., Сарыарқа даңғылы, т.е.ү. 5, 5/1 үй.
БСН : 200140019273
ЖСК: KZ096018821000683151
Банк БСК: HSBKKZKX
КБе 17
Банк атауы: «Қазақстан Ұлттық Банкі» АҚ
|