• Жария оферта (1-нұсқа)




    "Omarket" интернет-дүкендерінің агрегаторын пайдалану бойынша қызмет көрсету туралы жария оферта шарты (ұсыныс).


    1.      Терминдер мен анықтамалар.

    Осы Офертада, төменде келтірілген терминдер келесі мағынаға ие және оның құрамды ажырамас бөлігі болып табылады:

    • Интернет-дүкендердің агрегаторы - https://omarket/.kz интернет-мекенжайда (бұдан әрі-Портал) орналасқан интернет-дүкендердің агрегаторының функционалдығын ұсынатын Оператордың ақпараттық жүйесі. Осы оферта шеңберінде интернет-дүкендердің Агрегаторы және Дүкен ұғымдары тең мағыналы болып табылады және оферта мәнмәтіні бойынша дәлме-дәл түсіндіріледі;
    • Мемлекеттік сатып алу веб-порталы - https://goszakup.gov.kz интернет-мекенжайы бойынша орналасқан, бұдан әрі веб-портал деп аталатын, мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі;
    • Тапсырыс - Тапсырыс берушімен Дүкенді пайдалана отырып Тауарға арналған тапсырысты ресімдеуі және Өнім берушімен Тауарға ресімделген тапсырысты растауы не қабылдамауы;
    • Тапсырыс беруші - "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалған Тапсырыс беруші ретінде Тауарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу ниеті мен өкілеттігі бар заңды тұлға;
    • Жеке кабинет - логин мен құпиясөзді енгізу арқылы қол жеткізуге болатын Дүкеннің функционалдығының бөлігі;
    • Деректерді өңдеу - Пайдаланушылармен Дүкенге ұсынылған деректерді жинақтау, сақтау, өзгерту, толықтыру, пайдалану, тарату, иесіздендіру, бұғаттау және жоюға бағытталған әрекеттер;
    • Оператор - "Электрондық коммерция орталығы" ЖШС (Қазақстан Республикасының Бизнес сәйкестендіру нөмірі: 200140019273);
    • Пайдаланушы - Өнім берушінің қызметкері;
    • Өнім беруші - кейіннен Тауарларды мемлекеттік сатып алу және/немесе сату туралы шарттар жасасу мақсатында, Дүкен арқылы Тауарларды сатуға тапсырыстарды өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер;
    • Оферта - жария оферта, Өнім берушілерге жолданған, Порталда жарияланатын, тауарларды сату барысында Тараптар арасындағы қатынастарды реттейтін "Omarket" интернет-дүкендерінің агрегаторын пайдалану бойынша қызметтер көрсету туралы көпшілікке арналған офертаның осы шарты;
    • Тарап - Оператор, Өнім беруші, Тапсырыс беруші;
    • Тауар - Өнім берушілермен сатылатын тауарлар/жұмыстар / қызметтер;
    • Тапсырыстар бойынша деректерді өңдеу қызметі - Тапсырыстар бойынша деректерді Өңдеу;
    • Жеткізу бойынша деректерді өңдеу қызметі - тауарды тасымалдау (жеткізуді) және қайтаруды қамтамасыз етуге байланысты деректерді Өңдеу, қызмет Оператормен жүктерді тасымалдауға шарт жасасқан жүк тасымалдарын жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - тасымалдаушылар) тауарларды тасымалдауды (жеткізуді) жүзеге асыруын қамтуы мүмкін;
    • DDOS -  интернет-ресурсты толық немесе ішінара істен шығару, не оның жұмыс істеу тәртібін бұзуға, не деректерге немесе функцияларға заңсыз қол жеткізуге қабілетті үшінші тараптардың іс-әрекеттер кешені;
    • Дүкенді пайдалану шарттары - Дүкенде тауарларды сату Ережелері "Қызмет көрсету және көмек" бөлімі "Сату ережелері" тармағында жарияланған.

    2.       Негізгі ережелер.

    2.1. Шарттың мәтіні жария оферта болып табылады (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабының 5-тармағына сәйкес жария оферта - бұл ұсыныс жасаушы жақтың кез келген хабарлаушысымен ұсыныста көрсетiлген жағдайларда шарт жасасу еркi көрiнетiн, шарттың барлық елеулi ережелерi бар ұсыныс болып табылады).

    2.2. Шарт жасасуға толық және сөзсіз келісім (бұдан әрі-Акцепт) - Дүкенде тіркелу барысында оның шарттарымен келісуі, Өнім берушінің келесі әрекеттерінің жиынтығы болып табылады:

    -         Өнім берушінің тіркеу деректерін енгізу;

    -         Өнім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен Шарт мәтінімен электрондық түрде (Шарт талаптарымен келісу барысында) таныстыру, қол қою.

    Шарттың акцепті Шарт пен оған барлық қосымшаларды жасасуға тең. Шарт жасалған күн ретінде Акцепт күні  танылады.

    Осы Шарттың акцепті бойынша іс-әрекет жасай отырып, Өнім беруші өзінің құқықтық қабілеттілігін және әрекет қабілеттілігін, сондай-ақ Оператормен шарттық қатынастарға түсуге өзінің заңды құқығын растайды.

    Шарттың акцепті, Өнім беруші осы ұсыныстың барлық ережелерімен келісетінін және Шарт пен оған барлық қосымшаларды жасасуға тең екенін білдіреді. Жоғарыда баяндалғандарға орай, Шарттың мәтінін мұқият оқып шығыңыз. Егер Сіз Шарттың қандай да бір тармағымен келіспесеңіз, Оператор Сізге Шарттың акцептінен бас тартуды ұсынады.


    3.       Шарттың мәні.

    3.1. Оператор Тауар туралы ақпаратты орналастыру және тапсырыстарды өңдеу мақсатында Өнім берушіге Дүкенді ұсынады. Дүкен деректердің автоматтандырылған өңделуін қамтамасыз етеді, барлық деректер Дүкенге орналастырылады немесе байланыс құралдарын қолдана отырып ұсынылады.

    3.2. Өнім беруші осы Шартпен көзделген тәртіпте, Операторға ұсынылған Қызметтер үшін ақы төлеуді  жүзеге асырады.

    3.3. Тауарлардың бағасы, Тапсырыс берушімен Тапсырыста жеткізу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ пайдаланылатын тасымалдаушыларды көрсету барысында Өнім берушілердің Тауарларына бағаларды және Тауарларды жеткізу құнын қосу жолымен Дүкенмен автоматты режимде айқындалады.

    3.4. Өнім берушілермен Дүкенде орналастыратын Тауарлар туралы мәліметтер, оның ішінде, бірақ онымен шектелмей, тауардың бағасы, сипаттамалары, жеткізу мерзімдері мен шарттары жария оферта болып табылмайды, бұл ретте Өнім берушінің Тауарды Дүкенмен белгіленген бағамен сату ниетін білдіреді.

    3.5. Өнім берушімен Тапсырыс расталу (акцептеген) барысында, Өнім беруші Тапсырыс берушімен тапсырыста көрсетілген шарттарда Тапсырыстың ресімделуін мақұлдайды және Тапсырыс берушімен Тапсырыста көрсетілген өлшемшарттары мен шарттары негізінде ресімделген мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоюға сөзсіз келіседі.

    3.6. Дүкенді Пайдалану шарттарында белгіленген уақыт ішінде Өнім берушімен Тапсырыс акцептінің болмауы, Өнім берушінің Тапсырысты растаудан (акцептен) бас тартуы болып табылады.

    3.7. Шарт Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығымен осындай қол қою құқығы бар тұлғаға берілген электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, Өнім берушімен электрондық түрде қол қойылған кезден бастап жасалған болып есептеледі.

    3.8. Шартқа қол қою арқылы Өнім беруші Дүкенді пайдалану Тарифтері мен шарттарымен сөзсіз келісетінін растайды. Тапсырысты растау үшін қаражаттар енгізу де осы тармақта көрсетілген құжаттармен сөзсіз келісу болып табылады.

    3.9. Өнім беруші тек жаңа тауарларды ғана жеткізуге міндеттенеді (егер тұтынушымен сатып алынатын тауар пайдалануда болса немесе онда кемшілік болса және (немесе) кемшілік жойылса, Өнім беруші мұндай тауарды жеткізуге құқығы жоқ).

    3.10. Дүкендегі кез келген әрекет Оператормен анықталады, Дүкендегі жұмыс тәртібі туралы ақпаратты орналастыру Порталдың интернет-беттерінде орналасқан анықтамалық ақпарат арқылы жүзеге асырылады.

    3.11. Оператор Тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мақсатында Тапсырыстарды ресімдеу үшін Дүкенді ұсынады.


    4.       Тараптардың құқықтары мен міндеттері:

    4.1.      Өнім берушінің құқықтары:

    4.1.1.     Дүкенді және оның жұмыс нәтижелерін осы Шартпен белгіленген шарттарда пайдалану;

    4.1.2.    Қолданыстағы заңнаманы бұзбай, сондай-ақ Операторға кез келген залал келтіруді болдырмай, қолданыстағы байланыс арналары мен коммуникация құралдары арқылы Дүкендегі жұмыс туралы ақпаратты жариялау және беру;

    4.1.3.     Шарттың қолданылу кезеңінде Дүкен логотипін жариялау, орналастыру;

    4.1.4.     Оператордың жазбаша келісімімен Шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін толық немесе ішінара өзге тұлғаға беру;

    4.1.5.     Осы Шартпен белгіленген шарттарда, бухгалтерлік және салық есептілігін жүргізуге қажетті, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген құжаттаманы ұсынуды талап ету.

    4.1.6.     Сатудың өзгеретін шарттары, тарифтері, науқандарымен келіспеген жағдайда тауарларды сатудан алу.

    4.2.       Өнім берушінің міндеттері:

    4.2.1.     Дүкенді, осы Шартпен көзделген талаптарда, Шарттың талаптарына, Дүкенді пайдалану шарттары, сондай-ақ Дүкеннің интернет- парақшаларында орналастырылған өзге де құжаттар мен материалдарға сәйкес пайдалануға.

    4.2.2.     Дүкенге Интернет желісі арқылы қосылу үшін техникалық құралдар мен байланыс арналарын қамтамасыз ету.

    4.2.3.     Операторға Шарттық міндеттемелерді орындаумен байланысты, оның сұранысы бойынша ақпараты ұсыну.

    4.2.4.     Операторға көрсетілген қызметтерді уақытылы төлеу.

    4.2.5.     Дүкен арқылы Тауарларды орналастыру, сату және жеткізу барысында қолданыстағы заңнаманы сақтау.

    4.2.6.     Кіретін есіктерде және/немесе кассада Дүкен Логотипін сату орындарында (сауда орындарында) орналастыру.

    4.2.7.     Сатып алушылардың дербес деректерін Шарт және Тапсырыс берушімен жасалатын мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау шеңберінде ғана пайдалану.

    4.2.8.    Тауарды сату мақсатында Тапсырыс расталғаннан кейін оны Тапсырыс берушіге тапсыру немесе пошта қызметімен жөнелту сәтіне дейін Тауардың резервте сақталуын және өз есебінен сақталуын қамтамасыз ету.

    4.2.9.    Қызметтің немесе тауардың, оның ресми сайтында немесе сату бөлімдерінде белгіленгеннен аспауы тиісті  нақты құнын көрсету.

    4.2.10. Операторға Дүкен арқылы өзекті деректерді ұсыну, сондай-ақ оларды өзекті жағдайда қолдауды қамтамасыз ету.

    4.2.11. Растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса ұсына отырып, ҚҚС-ын қойған немесе алып тастаған жағдайда, салық төлеушінің өзгерген мәртебесі туралы ақпаратты үш жұмыс күні ішінде ұсыну.

    4.2.12. Дүкенді пайдалану не мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мүмкіндігін болдырмайтын форс-мажорлық мән-жайлардың туындауы туралы Операторды хабардар ету. Хабарлама, егер ол осы тектес оқиға басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жасалса және help-shop@ecc.market Өнім берушілерді техникалық қолдаудың электрондық поштасына ресми хат не сканерленген хат арқылы жіберілсе, тиісінше ресімделген және жеткізілген болып есептеледі

    4.2.13. Екінші Тараптан алынған жалпыға қолжетімді ақпаратты қоспағанда, коммерциялық, қызметтік, қаржылық ақпаратты жария етпеу, мұндай ақпаратты жария ету Оператордың жазбаша келісімімен не Шартта, Өнім беруші мен Оператор арасындағы келісімдерде көзделген кезде жүзеге асырылуы мүмкін және/немесе мұндай ақпарат Қызмет көрсету үшін қажет.

    4.2.14. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, Дүкенде ұсынылатын Тауарға қажетті рұқсат беру және өзге де құжаттардың (индустриялық сертификат, мемлекеттік сатып алудың өнім берушілер тізімінде болуы, өзге де рұқсаттар мен құжаттар және т.б.) болуын қамтамасыз ету.

    4.3.      Оператордың құқықтары:

    4.3.1.     Біржақты тәртіпте Дүкеннің интернет- парақшаларына орналастыра отырып, осы Шартқа, Тарифтерге, Дүкенді пайдалану шарттарына өзгерістер енгізу;

    4.3.2.     Үшінші тұлғаларға Шартты орындау жөніндегі өз құқықтары мен міндеттерін беру;

    4.3.3.     Қызметті алдын ала төлеуді талап ету, төлемді енгізу сәтіне дейін алдын ала төлем болмаған немесе берешегі болған жағдайда Қызметті ұсынудан бас тарту;

    4.3.4.     Дүкенді Пайдалану шарттарын бұзған Өнім берушіні немесе осындай шешімдерді қабылдау құзыретіне кіретін уәкілетті органның талабы бойынша бұғаттау;

    4.3.5.     Өнім берушінің Оператор алдында берешегі пайда болған жағдайда, Оператор Өнім берушінің қызметін бұғаттауға және жеке кабинетте көрсетілген Қызметтер үшін қаражатты есептен шығаруға құқылы.

    4.3.6.     Техникалық іркілістер фактілері расталған жағдайда, Тапсырысты өңдеу мерзімдерін жедел ұзарту, жүзеге асырылған операцияларды болдырмау.

    4.3.7.     Дүкенді жарнамалау/ілгерілету мақсатында, сондай-ақ Дүкенде орналастырылатын тауарларды сатуды және жеткізуді жүзеге асыру мақсатында Өнім берушінің деректерін өңдеу, беру.

    4.3.8.     Орналастыру үшін санаттары көзделмеген тауарларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында сатуға тыйым салынған тауарларды орналастыруды шектеу.

    4.3.9.     Дүкенді Пайдалану шарттарына сәйкес Өнім берушінің рейтингісі мен пікірлерін жүргізуді жүзеге асыру.

    4.3.10. Осындай өзгерістер жүзеге асырылғанға дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей, Дүкен және/немесе Өнім берушілердің электрондық поштасы арқылы хабардар ете отырып, науқандар өткізуге, шарттар мен Тарифтерді өзгерту.

    4.3.11. Өнім берушімен жосықсыз, заңсыз іс-әрекеттерін немесе бағалардың көтеруін болдырмау мақсатында, Өнім берушімен Дүкенде орналастырған Тауарларды орналастырудың заңдылығына арналған құжаттар, өзге де мәліметтерді тексеру

    4.3.12. Егер осындай тауарларға бағалар реттелетін болып табылса және бағалар уәкілетті органдармен белгіленсе өнім берушіні міндетті түрде хабардар ете отырып белгілеу, ал бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында, Қазақстан Республикасында немесе оның қандай да бір өңірде Төтенше жағдай жариялану барысында Тауарлардың шекті бағаларын белгілеу.

    4.3.13. Егер Өнім беруші Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасымен белгіленген бір немесе бірнеше талаптарға сәйкес келмесе, Өнім беруші үшін Дүкеннің бір бөлігін немесе барлық функцияларын бұғаттау, сондай-ақ Тауарлардың барлық немесе жекелеген санаттарын орналастыруды шектеу.

    4.4.           Оператордың міндеттері:

    4.4.1.     Өнім берушіге пайдалану үшін Дүкенді ұсыну, Дүкеннің жұмысын қамтамасыз ету, Шарт талаптарын ескере отырып, Дүкен арқылы Қызмет көрсетуді ұсыну;

    4.4.2.     Шарт, Тарифтердің талаптары өзгеруі барысында бұл туралы Өнім берушіні Дүкен арқылы хабардар ету;

    4.4.3.     Дүкеннің https://оmarket.kz мекен-жайында орналасқан интернет-парақшасында көрсетілген байланыс құралдары арқылы Өнім берушіге техникалық қолдау көрсету;

    4.4.4.     Өнім берушіге Логотипті электрондық түрде жүктеу мүмкіндігін ұсыну;

    4.4.5.     Дүкенде жалпыға қолжетімді бөлігінде жарияланатын немесе мемлекеттік сатып алу веб-порталына берілетін деректерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен дербес деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету;

    4.4.6.     Дүкен Пайдаланушыларының әрекеттері мен деректері туралы ақпаратты сақтауды жүзеге асыру.

    4.4.7.     Екінші Тараптан алынған жалпыға қолжетімді ақпаратты қоспағанда, коммерциялық, қызметтік, қаржылық ақпаратты жария етпеу, мұндай ақпаратты жария ету Өнім берушінің жазбаша келісімімен не шартта, Өнім беруші мен Оператордың арасындағы келісімдерде көзделген кезде жүзеге асырылуы мүмкін және/немесе мұндай ақпарат Қызмет көрсету үшін қажет.

    4.5.           Тапсырыс берушінің құқықтары:

    4.5.1.     Дүкенді және оның жұмыс нәтижелерін осы Шартпен белгіленген шарттарда пайдалану;

    4.5.2.     Қолданыстағы заңнаманы бұзбай, сондай-ақ Операторға кез келген залал келтіруді болдырмай, қолданыстағы байланыс арналары мен коммуникация құралдары арқылы Дүкендегі жұмыс туралы ақпаратты жариялау және беру;

    4.5.3.     Шарттың қолданылу кезеңінде Дүкен логотипін жариялау, орналастыру;

    4.5.4.     Операторды толық немесе ішінара хабардар ете отырып, Шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін басқа тұлғаға беру;

    4.6.          Тапсырыс берушінің міндеттері:

    4.6.1.     Дүкенді Шарттың талаптарына сәйкес, осы Шартпен көзделген талаптарда, сондай-ақ Дүкеннің интернет- парақшаларында орналастырылған өзге де құжаттар мен материалдарды Дүкенді Пайдалану талаптарын қолдану.

    4.6.2.     Дүкенге Интернет желісі арқылы қосылу үшін техникалық құралдар мен байланыс арналарын қамтамасыз ету.

    4.6.3.     Операторға Дүкен арқылы өзекті деректерді ұсыну, сондай-ақ оларды өзекті жағдайда қолдауды қамтамасыз ету.


    5.           Төлем тәртібі және Қызмет құны:

    5.1.      Тапсырыстар бойынша деректерді өңдеу қызметі Өнім берушімен расталған тапсырыс бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қою барысында Өнім берушіге көрсетілген болып саналады.

    5.2.      Дүкен арқылы жүк тасымалдауды жүзеге асырудан бас тарту барысында Жеткізу жөніндегі деректерді өңдеу қызметі, Өнім берушімен расталған тапсырыс бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қою барысында Өнім берушіге көрсетілген болып есептеледі.

    5.3.       Жүкті тасымалдаушы Операторға есеп беру құжаттары бойынша Тапсырыс берушіге тауарды жеткізу кезінде,  Дүкен арқылы жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру барысында Жеткізу жөніндегі деректерді өңдеу қызметі Өнім берушіге көрсетілген болып саналады. Тасымалдаушының тауарды бүлдіру бөлігінде кінәсі болмаған жағдайда Тапсырыс берушімен тауарды қайтаруы Өнім берушімен Тарифтерге сәйкес төленеді. Тапсырысты растау барысында көзделмеген, бірақ тасымалдаушымен іс жүзінде көрсетілген кез келген қызметтер, Жеткізу бойынша деректерді өңдеу қызметтеріне енгізіледі және Тарифтерге сәйкес Өнім берушімен Операторға төленуге жатады.

    5.4.      Тапсырыс беруші "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша Өнім берушімен расталған Тапсырыс бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, не өзге Тауарды таңдаған жағдайда Қызмет көрсету жойылады.

    5.5.      Қызметтердің құны Оператордың Порталдың интернет-парақшаларында орналастырылған Тарифтерімен анықталады.

    5.6. Қызметке ақы төлеу келесі тәртіпте жүргізіледі:

    5.6.1. Өнім беруші Оператордың шотына Тапсырыс расталғанға дейін Тарифтермен белгіленген мөлшерде ақша қаражаттарын (алдын ала төлем жасау мақсатында) енгізуді жүзеге асырады, енгізілген қаражаттар туралы деректер Өнім берушінің Жеке кабинетінде көрсетіледі. Тапсырысты растау Өнім берушінің жеке кабинетінде Қызметтерді төлеу үшін жеткілікті қаражат болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

    5.6.2. Тапсырысты растау барысында, Қызметтерді төлеуге арналған ақшалай қаражаттар Жеке кабинетте бұғатталады. Расталған Тапсырыс бойынша Қызмет көрсетілгеннен кейін, ақшалай қаражаттар Өнім берушінің жеке кабинетіндегі шотынан есептен шығарылады.

    5.6.3. Оператормен Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтер) актісін (лерін) электрондық түрде Дүкен арқылы есептік айдан кейінгі айдың 20 күнтізбелік күні ішінде ұсынылады. Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтер) актісі (лері) оларды көрсету мерзімдері ұзақ болған және жүктерді тасымалдаушылармен олардың көрсетілгенін растаған жағдайда алдыңғы кезеңдердегі қызметтерді қамтуы мүмкін. Өнім беруші 5 жұмыс күні ішінде Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтер) актісіне (леріне) қол қояды.

    5.6.4. Егер Өнім беруші, Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтер) актісіне (леріне) Дүкен арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қоймаған не Оператор Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтер) актісін (лерін) ұсынған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде электрондық пошта және қағаз тасымалдағышта жазбаша дәлелді бас тартуды жолдамаған жағдайда, Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтер) актісі (лері) қабылданған, Қызметтер тиісті түрде көрсетілген болып есептеледі.

    5.6.5. Орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісінің (лерінің) негізінде Оператор шот-фактураны (ларды) тек электрондық түрде ғана ұсынады.

    5.6.6. Ресімделмеген және/немесе Дүкенде есепке алынбай, жүктерді тасымалдаушылармен тауарлар жеткізу барысында Өнім берушіге жүзеге асырған қызметтер бойынша, Оператор көрсетілген қызметтердің жеке актісін (Тарифтерге сәйкес) қоя алады не мұндай қызметтерді жүк тасымалдаушымен өзара есеп айырысқаннан кейін көрсетілген қызметтердің келесі ай сайынғы актілеріне енгізе алады. Бұл ретте көрсетілген қызметтердің мұндай актілеріне қол қою және ақы төлеу Өнім берушімен жоғарыда белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.

    5.6.7. Пайдаланылмаған ақшалай қаражаттарды қайтару Өнім берушінің қайтару үшін банктік деректемелерін көрсете отырып, қағаз тасымалдауышта ресімделген немесе Өнім берушінің электрондық поштасынан жіберілген өтініші бойынша күнтізбелік 15 күн ішінде жүзеге асырылады.

    5.6.8. Өнім берушімен сол Тапсырыс берушімен расталған Тапсырыс күші жойылған Тауарға мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайда, Қызмет көрсетілген болып есептеледі және ақы төленуге жатады. Қызметтердің құны жойылған Тапсырыстың құнымен анықталады.

    5.6.9. Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтер) актісіне (леріне) қол қойылғанға дейін төленбеген қызметтер бойынша төлем Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтер) актісі (лері) Дүкен арқылы жіберілген күннен бастап 8 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.


    6.           Тапсырыстарды орындау, тауарды қайтару.

    6.1.      Тапсырыстарды орындау, Өнім берушілермен Тапсырысты ресімдеген Тапсырыс берушілермен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар негізінде жүзеге асырылады.

    6.2.      Тапсырыстарды жеткізу Өнім берушілермен өз бетінше немесе Дүкенде тіркелген тасымалдаушыларды пайдалана отырып жүзеге асыра алынады.

    6.3.      Өнім берушілердің өздігінен жеткізуі тиісті елді мекендердің әкімшілік шекаралары шегінде жүзеге асырылуы тиіс.

    6.4.      Дүкенмен тасымалдаушы арқылы есептеген жеткізу сомасын ескере отырып, Тапсырыс расталған жағдайда, Өнім беруші Тапсырыс берушінің мекен-жайына жеткізуді толық алдын ала төлеуді немесе Дүкенмен тауарды жеткізуден бас тартқан жағдайында Тарифтерге сәйкес тасымалдаушының жеткізу құнын Дүкеннің есептеуі (өңдеуі) үшін Оператордың комиссиясын төлеуді жүзеге асырады.

    6.5.      Дүкенді пайдалана отырып жеткізу Қазақстан Республикасының шегінде ғана жүзеге асырылады.

    6.6.      Өнім беруші тауарды тасымалдаушының өкіліне тасымалдаушы курьерінің жеке басын куәландыратын құжаттары мен өкілеттіктерін тексергеннен кейін не тікелей тасымалдаушының бөлімшелерінде береді.

    6.7.      Тасымалдаушы өкіліне құжаттарды тапсыру барысында Өнім беруші барлық талап етілетін ілеспе құжаттарды беруі тиіс. Құжаттардың ең аз тізбесі тасымалдаушының талаптары негізінде Дүкенді Пайдалану шарттарымен белгіленеді.

    6.8.      Өнім беруші тауарды жеткізуге қолдау көрсетеді, оның ішінде, қажет болған жағдайда, жасалатын шарттардың талаптарына сәйкес Тапсырыс беруші тарапынан Тауарды қабылдауды қамтамасыз етеді, тауарды уақытылы жеткізу мақсатында Тасымалдаушы курьерінің Тапсырыс берушінің байланыстарымен қамтамасыз етеді.

    6.9.      Тауарды қабылдаудан бас тартқан және/немесе Тапсырыс берушімен тауар қайтарылған жағдайда, тасымалдаушымен Дүкенді пайдалана отырып жеткізілетін Өнім беруші тарифтеріне сәйкес тауарды сақтау және/немесе қайтару шығындарын Дүкенге төлейді.

    6.10.   Тапсырыс беруші тауарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда, Өнім беруші тауарды сақтау және/немесе қайтаруды Тарифтермен белгіленген баға бойынша төлеуге міндетті.

    6.11.   Тауарды қайта жөнелту Өнім берушімен өз бетінше немесе Тарифтерге сәйкес Дүкен арқылы жүзеге асыра алынады.


    7.           Құпиялылық

    7.1.      Коммерциялық, қызметтік қаржылық ақпаратқа келесілер жатпайды: Тараптардың атауы мен Логотипі, Өнім берушінің сату нүктелері және филиалдарының мекенжайлары мен жұмыс кестесі, Өнім берушінің байланыс деректері мен жұмыс кестесі, Өнім берушінің рейтингісі, Өнім беруші туралы пікірлер, Дүкенде Тапсырысты ресімдеу/қабылдамау/растау фактісі, Шарт талаптарына сәйкес, дүкенде немесе мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылуға немесе тауарларды жеткізу жөнінде қызметтер көрсету үшін тараптарға немесе үшінші тұлғаларға хабарлануға тиіс ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде еркін қол жеткізу көзделген өзге де мәліметтер.


    8.           Тараптардың жауапкершілігі

    8.1.      Оператор келесі жағдайларды қоспағанда, Дүкеннің үздіксіз жұмыс істеуі үшін жауап береді:

    -       профилактикалық жұмыстар кезеңінде жұмыс істеуін тоқтата тұру;

    -       аппараттық немесе бағдарламалық құралдар, байланыс, электрмен қуаттандыру арналары және/немесе үшінші тараптармен қамтамасыз етілетін өзге де құралдардың қолжетімсіздігінен немесе дұрыс жұмыс істемеуінен туындаған іркілістер;

    -       Дүкенге келтірілген залалға қарамастан, DDOS немесе Дүкен инфрақұрылымына басқа шабуылдар;

    -       Операторға тәуелсіз ақаулар;

    -       халықаралық интернет-байланыстың шектеулері.

    8.2.      Өнім беруші өзімен Дүкенде орналастырған кез келген ақпараттың дұрыстығы, орналасу заңдылығы және өзектілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес Тауарларды сатуды жүзеге асыру үшін талап етілетін лицензиялар, рұқсаттар және/немесе өзге де құжаттардың болуы үшін жауапты болады.

    8.3.      Тарап Дүкенде кез келген әрекетті үшінші және/немесе уәкілетті емес тұлғаларға жасауға мүмкіндік беретін логин және/немесе құпия сөзді, электрондық цифрлық қолтаңбаны және кез келген өзге де сәйкестендіру деректерін беру үшін жауапты болады.

    8.4.      Өнім берушімен уақытылы төленбеген жағдайда, Оператор әрбір төлеу мерзімі өткен күн үшін төленуге жататын соманың 0,1% - ы мөлшерінде, бірақ 10% - дан аспайтын өсімпұл төлеуді талап етуге құқылы. Өсімпұлды төлеу Өнім берушіні Оператордың қызметтеріне ақы төлеуден босатпайды.

    8.5.      Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар шартқа сәйкес жауаптылықта болады, бұл ретте тұрақсыздық айыбымен жабылмаған бөлігінде нақты залалды ғана өндіріп алуға жол беріледі. Оператор Өнім беруші және Тапсырыс берушінің арасындағы шарттық міндеттемелердің орындалуы үшін, сондай-ақ Өнім берушімен шартты орындау барысында келтірілген кез келген тікелей немесе жанама залал үшін жауапты болмайды.

    8.6.      Тауар Дүкен арқылы жеткізілген жағдайда, Дүкен тасымалдаушымен қабылданған тауарлардың оларды қабылдаған сәттен бастап иесіне тапсырғанға дейін қаптаманың бүтіндігі кезінде сақталуына жауапты болады.

    8.7.      Қаптаманың бүтіндігі кезінде жөнелтімдердің ішіндегісі үшін Өнім беруші жауапты болады.

    8.8.      Бір сәлемдемеге және/немесе әртүрлі иелері бар тауарларды не осы сәлемдемеде тасымалдауға және/немесе жөнелтуге жатпайтын тауарларды салған жағдайда, Өнім беруші Дүкеннің алдында, Дүкенді Пайдалану шарттарына сәйкес жауапты болады және жеткізу ақысын төлеуге және Тарифтерге сәйкес айыппұл төлеуге міндетті.

    8.9.      Өнім беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына және Дүкенді пайдалану шарттарына сәйкес, тасымалдауға тыйым салынған тауарларды жөнелту салдарынан Дүкенге келтірілген тікелей залал үшін толық материалдық жауаптылықта болады.

    8.10.   Дүкеннің жауапкершілігі тауарды жеткізу мерзімін өткізіп алғаны үшін ақы төлеу, не тасымалдаушының кінәсінен тауар бүлінген кезде, Өнім берушімен тапсырыс расталғанға дейін тасымалдаушының Өнім берушіге және/немесе Операторға осындай жеткізу мүмкіндігі расталу барысында тауар құнын өтеу бөлігінде жүк тасымалдаушының Дүкен алдындағы жауапкершілігімен шектеледі.

    8.11.   Тараптар осы Шартты орындау шеңберінде ұсынылған ақпараттың құпиялылығына жауапты болады және оны шартты орындау мақсатында пайдалануға міндеттенеді, ақпаратты өзге де пайдалану Тараптардың тиісті келісімдерімен реттелуі тиіс.

    8.12.   Тараптардың кез келгені, егер бұл орындамау осы Шартқа қол қойылғаннан кейін туындаған еңсерілмейтін күш мән-жайларынан туындаған болса, осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. "Еңсерілмес күш мән-жайлары" мұндай Тарап оған қолжетімді құралдармен алдын ала болжай алмаған немесе алдын ала алмаған төтенше оқиғаларды немесе мән-жайларды білдіреді. Мұндай төтенше оқиғалар немесе мән-жайлар, атап айтқанда: ереуілдер, су тасқыны, өрттер, жер сілкіністері және өзге де дүлей зілзалалар, соғыстар, әскери іс-қимылдар, мемлекеттік органдардың іс-қимылдары, сондай-ақ Тараптардың кез келгенінің орынды бақылау шегінен шығатын кез келген өзге де мән-жайлар қамтиды.Тараптардың қайсыбіріне тікелей немесе жанама әсер ететін қолданыстағы заңнаманың немесе нормативтік актілердің өзгерістері Еңсерілмейтін күш мән-жайлары ретінде қаралмайды, алайда тараптардың кез келгеніне осы Шарт бойынша оның қандай да бір міндеттемелерін орындауға мүмкіндік бермейтін өзгерістер енгізілген жағдайда, Тараптар Тараптарға осы Шарттың орындалуын жалғастыруды қамтамасыз ету үшін осы мәселені жою жөніндегі жұмыс тәртібіне қатысты дереу шешім қабылдауға міндетті.

    8.13.   Егер еңсерілмейтін күш мән-жайлары Тапсырыс расталған сәтке дейін басталса және Өнім беруші Тапсырысты растаса, еңсерілмейтін күштің мұндай мән-жайлары Өнім берушінің міндеттемелері бойынша маңызсыз деп танылады.


    9.           Басқа шарттар:

    9.1.      Шарт жасасу орны болып Нұр-Сұлтан қаласы танылады.

    9.2.      Шартты өзгерту немесе толықтыру Өнім берушіні Дүкен, Өнім берушінің Жеке кабинетінде көрсетілген электрондық пошта арқылы және/немесе Өнім берушіні СМС хабардар ету арқылы хабардар ете отырып, шартқа өзгерістер немесе толықтырулар енгізбестен, біржақты тәртіппен жасалады, өзгерістерді қолданысқа енгізу мерзімі хабарламада көрсетіледі, бірақ 5 жұмыс күннен кем болмауы тиіс.

    9.3.      Егер Шартта, Оператор мен Өнім беруші арасындағы келісімдерде көзделмесе, Дүкенде орналастырылған кез келген материалдарды немесе деректерді көшіруге немесе жаңғыртуға тыйым салынады

    9.4.      Оператор сыртқы ақпараттық жүйелердің дұрыс жұмыс істемеуінен немесе қолжетімсіздігінен, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу веб-порталын қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, осындай жүйелердің жұмысын қамтамасыз ететін қызметкерлердің заңсыз әрекеттерінен туындаған кез келген залалдар үшін жауапкершіліктен босатылады.

    9.5.      Өнім берушіні Шарттың өзгерістері туралы, оның ішінде Тарифтер мәселелері бойынша хабардар ету өзгерістерді/толықтыруларды, өзгертілген құжаттарды, комиссияларды жаңа редакцияда жөнелту арқылы келесі тәсілдердің кез келгенімен: электрондық пошта, пошта байланысы арқылы, қолма-қол немесе Оператордың таңдауы бойынша электрондық құжаттар арқылы жүзеге асырылады.

    9.6.      Тараптар Шарт бойынша туындаған даулар, қайшылықтар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен реттеу жөнінде шаралар қабылдайды. Сотқа дейінгі тәртіппен реттелмеген кез келген даулар, қайшылықтар, келіспеушіліктер Оператордың орналасқан жері бойынша сот тәртібімен шешіледі.

    9.7.      Шарт қазақ және орыс тілдерінде жасалды, қарама-қайшылықтар орын алған жағдайда орыс тіліндегі шарт басымдылыққа ие болады.


    10.        Шарттың әрекет ету мерзімі

    10.1.   Шарт, Оператормен Өнім берушіге тиісті хабарлама жіберу арқылы Шарттың әрекет етуін тоқтатқан кезге дейін не Оператормен Өнім берушінің Шарттың әрекет етуін тоқтату туралы жазбаша сұранымы расталғанға дейін, бірақ Өнім берушіден мұндай сұранымды алған күннен бастап күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей мерзімсіз қолданылады.

    10.2.   Шарттың әрекет ету кезеңінде қабылданған міндеттемелер, Шарттың әрекет етуіне қарамастан, Тараптармен орындалуы тиіс.

    11.        Оператордың мекенжайлары мен деректемелері:

    «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС

    Мекенжайы: Нұр-Сұлтан қ., Сығанақ көш. 29, 1213 кеңсе

    БСН: 200140019273

    ЖСК: KZ096018821000683151

    Банктің БСК: HSBKKZKX

    БеК 17

    Банктің атауы: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ