NCALayer жүктеу үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз: https://pki.gov.kz/ncalayer/
Сіздің компьютеріңіздің операциялық жүйесіне арналған қажетті нұсқаны (Windows, MacOS, Linux және т.б.) таңдау керек
«ОМаркет» модулін тікелей сілтеме бойынша жүктеуге болады:
1. NCALayer-ді егер ол іске қосылған болса жабыңыз.
2. Файлды: https://omarket.kz/upload/market-signer-1.0.7.jar сілтемесі бойынша жүктеңіз.
3. Оны: C:\Documents and Settings\Здесь_имя_вашего_аккаунта\Application Data\NCALayer\bundles папкасына салыңыз.
4. NCALayer-ді іске қосыңыз.
5. "Модулдерді басқаруды" ашыңыз, бірақ ештеңені баспаңыз. Жай ғана "ОМАРКЕТ"-тің орнатылғанына көз жеткізіңіз (Орнатылған- Ия).
6. Жасалған әрекеттерден соң Жеке кабинетке кіруді іске асырыңыз.
ЭЦҚ-дан GOST (ЖК арналған RSA) файлының көмегімен офертаға қол қою қажет. Жүйе ұйымның атынан қол қою құқығы бар онда жазылған басшының немесе қызметкердің ЖСН ұқсастығына ЭЦҚ бойынша тексеруді жүргізеді, яғни қол қою үшін қол қою құқығы бар қызметкерге немесе бірінші басшыға берілген сертификатты ғана пайдалану қажет.
Сондай-ақ, егер пайдаланушыны алғашқы тіркеу барысында жеке тұлғаның ЖСН орнына БСН көрсетілсе, жүйе ұйымның тіркелуін жібермейді. Мұндай жағдайда жеке кабинетте жеке тұлғаның ЖСН-іне (қол қоюға құқығы бар) ауыстырыңыз.
Құпия сөзді қалпына келтіру үшін "Кіру" деген батырмасын басып, ашылған терезеде "Құпия сөзді ұмыттыңыз" батырмасын басыңыз. Әрі қарай, Сіздің поштаңызға құпия сөзді қалпына келтіруге арналған нұсқаулары бар хат жіберіледі.
Пайдаланушыны тіркеу үшін келесілер: электрондық пошта, ұялы телефон, жеке тұлғаның ЖСН қажет.
Ұйымды тіркеу үшін: ұйым немесе ЖК-ден ЭЦҚ қажет. https://www.goszakup.gov.kz/ мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркелген ұйымдар ғана тіркеле алады.
Егер Сіз қате жеке деректерді енгізсеңіз, ұйымды тіркегенге дейін пошта мен логиннен басқа деректерді түзетуге болады.
Егер сіз ұйымның деректерін қате енгізсеңіз, онда жеке кабинеттегі - Компанияның бейініндегі деректерді түзетуге болады.
Техникалық қолдау қызметіне хабарласыңыз, біз Сізге міндетті түрде көмектесеміз.
Құпиясөзді Сіз анықтайсыз, бірақ біз жиі қолданылатын және қарапайым құпиясөздерді пайдаланбауды ұсынамыз, сонымен қатар Дүкенде құпиясөздің ұзындығы мен күрделілігіне шектеулер (кем дегенде 8 таңба, кем дегенде 1 кіші әріп, 1 бас әріп және 1 Таңба) орнатылған. Есіңізде болсын, құпиясөзді беру арқылы Сіз басқа адамдардың сіздің есептік жазбаңыздағы әрекеттері үшін жауапкершілікті аласыз.
Бөлімшелер мемлекеттік сатып алу веб-порталында болған жағдайда ғана қосылады, тиісінше саны мемлекеттік сатып алу веб-порталындағы деректермен шектеледі.
Сату нүктелерінің саны шектелмеген, бұл ретте жоқ сату нүктелерінің деректерін көрсету Дүкенді Пайдалану шарттарына сәйкес санкцияларға әкеліп соғатынын ескеріңіз.
ҚҚС белгісін өзгерту үшін, Сізге help@omarket.kz поштасына ҚҚС белгісін өзгерту туралы растайтын құжаттармен бірге ресми хат жолдау керек.
Ия. Порталдың жоғарғы оң жақ бұрышында қазақ тіліне ауыстыратын батырма бар. Сондай-ақ, Сіз Жеке кабинетте - Дербес деректерде тіл таңдауды баптай аласыз.
Тапсырыс берушілерге арналған тапсырыстар бойынша Негізгі сұрақтардың жауаптары
"Ресімдеу" деген батырма "Тапсырыс беруші" рөлімен порталда тіркелген және авторландырылған пайдаланушыларға ғана қолжетімді.
Тапсырысты https://www.goszakup.gov.kz/ мемлекеттік сатып алу веб-порталында (бұдан әрі-ЭМС) тіркелген "Тапсырыс беруші" рөлі бар пайдаланушылар ғана ресімдей алады.
Шартты жасау үшін ЭМС жеке кабинетіне өту қажет, "Жұмыс кабинеті" бөлімі - "Менің тапсырыстарым" мәзірінде "Расталды" атты мәртебесіндегі Тапсырысты және "Шартты жасау" деген әрекетті таңдау қажет, толығырақ сілтемесі бойынша.
Тапсырыс автоматты түрде өнім берушіге тапсырысты рәсімдеу кезінде ең төменгі бағамен жіберіледі. Өнім берушінің 4 сағат ішінде жауап қайтаруы болмаса немесе жеткізуден бас тартқан жағдайда, тапсырыс ең төменгі баға негізінде келесі өнім берушіге жіберілетін болады.
Тауардың өнім берушісі тауарды жеткізу шарттарын ескере отырып, ең төмен баға негізінде Жүйемен айқындалады.
Біздің алаңымыз жосықсыз қатысушылар туралы деректерді ЭМС-нан онлайн режимде алады. Бұл ретте мұндай тексеру ЭМС-да қайта жүргізіледі.
Мүмкін, тауар бар, бірақ оны табу мүмкін болмады. Бұл жағдайда Сіз тауарды іздеуге арналған өтінішті рәсімдей аласыз.
Біздің модераторлар сатып алуға қолайлы тауарды табуға тырысады. Егер модераторлар Сізге қажет өнімді таба алмаса, жүйе автоматты түрде тауардың жоқтығына арналған өтінімді ресімдейді. Бұдан әрі, Сіз ЭМС порталында бір көзден сатып алуды жүргізе аласыз.
Өнім берушілердің тапсырыстары бойынша негізгі сұрақтардың жауаптары
Тапсырыстар тарихы «Жеке қабинет» бөлімі - «Тапсырыстар» мәзірінде қолжетімді.
Расталған тапсырыстан бас тарту ҚР Мемлекеттік сатып алу порталында жүргізіледі. Тапсырыстардың күшін жоюды Тапсырыс беруші жасай алады. Сондай-ақ, Өнім беруші қалыптастырылған шартты жасасудан бас тартуы мүмкін, бірақ бұл Өнім берушіні ЭМС-ның жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізуге әкелуі мүмкін.
Ия. Біз жүйенің жұмыс істеуін мұқият қадағалаймыз, егер Сіз қандай да бір хабарламаны алмаған болсаңыз, дереу help@omarket.kz поштасына хабарлауыңызды сұраймыз.
Шектелмеген. Алайда, келісім-шарт жасасқаннан кейін Сіз тауарды жеткізуді жүзеге асыруыңыз керек екенін есте ұстаған жөн, әйтпесе Сіз жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енесіз.
Қазіргі уақытта Exline, DPD және АлемТат және Қазпоштамен өзара әрекеттесу жүзеге асырылды, сондай-ақ Дүкеннің меншікті жеткізу қызметін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Біз тауарларды тасымалдау бойынша кез келген жаһандық және өңірлік компаниялармен ынтымақтасуға дайынбыз, ынтымақтастық туралы барлық ұсыныстарды o.kravchenko@ecc.market электрондық поштасына жолдауыңызды сұраймыз.
Біз кепілдік бере алмаймыз, өйткені Тапсырыс берушінің бұл құқығы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамамен реттеледі. Егер шарт жасалмаған жағдайда, онда біз сіздің шотыңыздағы қаражаттарды бұғаттаудан шығарамыз, Сіз оларды қайтарып немесе қайта пайдалана аласыз.
Серіктестер. Географиясы, жеткізу мерзімдері мен шектеулер бөлімінде жеткізу мерзімдері туралы ақпарат орналастырылған. Сондай-ақ, тиісті тасымалдаушылардың сайттарында трек-нөмірі арқылы бақылау қолжетімді.
Тауарларды жүктеу бойынша негізгі сұрақтар
Тауарлар туралы деректерді жүктеу барысында жүйе тек ZIP форматын қолдайды. Интернет кеңістігінде жүктеуге болатын тегін zip мұрағатшалары бар.
Тауарларды қосу барысында бідің модераторлар тауарлардың суреттерін кескін талаптарына сәйкестігін тексереді және олардың Дүкен саясатына сай келмеуі жағдайында кейбір суреттерді жоя алады. Егер Сізде дүкенде ұсынылған тауарлардың суреттері көрсетілмесе - help@omarket.kz техникалық қолдауына жүгініңіз.
Тауарды қосу үшін Сізге «Жеке кабинет» - «Тауарлар» - «Тауарларды жүктеу» бөліміне өту керек.
ДТауарларға өз бағаларыңызды орнату үшін каталогта "Бағаны белгілеу" батырмалары қолжетімді
Модераторлармен тауарларды өңдеу модераторлардың жүктемесіне байланысты 3 жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін.
1. Жүктелетін кескіннің өлшемі 400х400 пиксельден кем болмауы керек.
2. Суретте су белгілері, жарнама болмауы керек.
3. Сурет анық болуы керек.
4. Суреттің өлшемі 3 МБ-тан аспауы керек.
Өңдеу нәтижесі Сіз тіркелген поштаға келеді. Сондай-ақ, нәтижелерін «Жеке кабинет» - «Тауарлар» - «Тауарларды өңдеу тарихында»көруге болады.
Төлем және есеп айырысулар
Төлем мемлекеттік сатып алу туралы шарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын болады, әдетте, төлемдер тауар жеткізілгеннен және мемлекеттік сатып алу веб-порталында тауарды қабылдап-тапсыру актісі ресімделгеннен кейін жүргізіледі. Төлем мерзімі мемлекеттік сатып алу туралы шартта айқындалады және 30 күннен аспауы тиіс.
Алдын ала төлемді келесі жағдайларда қайтаруға болады:
● егер енгізілген қаражаттар пайдаланылмаған жағдайда;
● егер шартты жасасудан бас тарту орын алған жағдайда;
● Оператордың шешімі бойынша өзге жағдайларда.
Ия, төлемдер сервисті қолданған уақытына қарамастан қабылданады.
Қызмет алдын-ала төлем бойынша жүзеге асырылады, қазіргі уақытта басқа шарттар қарастырылмайды
Иә, барлық науқандар мен жеңілдіктер туралы жаңалықтар арқылы хабарланады.
Егер сіздің төлеміңіз банкпен қайтарылған болса, төлем алушының деректемелерін тексеріңіз. Егер төлем сәтті жіберілген болса, Сіз 3 жұмыс күні ішінде жеке кабинетте төлемді көрмегенсіз, төлем туралы ақпаратты help@omarket.kz мекенжайына жолдаңыз.
Сіздің рейтингіңізді және жосықсыз қатысушылардың тізілімінде бар болуыңызды, сондай-ақ дүкенді пайдалану шарттарын бұзу туралы техникалық қолдау қызметінен хат алғаныңызды тексеріңіз. Егер бұғаттау туралы ақпарат болмаса, онда help@omarket.kz мекенжайына сұраным жолдаңыз.
Ия, толтыру үшін 2 нұсқа қолжетімді: банктік аударымды жіберу және онлайн төлем.
Дүкенде жұмыс істеудің шарттары
Пайдалану шарттары Оферта, Дүкенді пайдалану шарттары және порталда орналастырылған Тарифтермен анықталған. Тапсырыс берушілерге OMarket.kz-ті пайдалану толығымен тегін болып табылады. Өнім берушілерге OMarket.kz-ті пайдаланғаны үшін сатудан комиссия орнатылған
Алаңның негізгі міндеті - өнім берушілердің ең көп санын тарту, осыған орай орналастырғаны үшін комиссияны енгізу сату кепілдігінің болмауына байланысты өнім берушілердің санын едәуір шектейтін еді.
Комиссия пайызы тауарлар немесе тауарлар тобы үшін орташа чекке, нұсқалардың шығу жиілігіне, қолдау көрсетілетін деректердің күрделілігі және санына байланысты болады.
Біздің алаң санаттар жүйесін - маркеттік орындарды (бірдей тауарларға арналған ең төменгі бағаны таңдауға мүмкіндік береді) ұсынады, бұл ретте алаң мемлекеттік сатып алу процестері мен талаптарына бейімделген, сондай-ақ жеткізу қызметі сервисінің есебінен өнім берушілерге қосымша уақыт пен күш жұмсамастан пошта сервисін алуға мүмкіндік береді, оның ішінде тауарды жеткізу құнын есептеудің автоматты алгоритмі іске асырылған, осы орайда тауарларды дайындап, тапсырыс берушіге жіберу де барлық қажетті құжаттарды ала отырып, жүйе арқылы жүзеге асырылады. Олай болмаған жағдайда, Тапсырыс берушілерге барлық қолданыстағы интернет-дүкендерде тауардың ең арзан нұсқасын өз бетінше іздеуге тура келетін еді.
Дүкеннің жұмысы және пайдаланушыларды қолдау туралы
Қазіргі таңда қолдау порталдағы онлайн чат арқылы, help@omarket.kz электрондық поштасы бойынша, сондай-ақ +7 (7172) 64-04-24 телефоны бойынша жүзеге асырылуда
Біздің дүкен мемлекеттік органдар үшін сатып алынатын тауарларға ең тиімді бағаны ашық алуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік органдар үшін:
● бұл талап етілетін тұтынушылық сипаттамалары бар нақты бір тауарды таңдау мүмкіндігі;
● өнім берушіні таңдаумен байланысты тәуекелдерді азайту;
● ауылдық және шалғайдағы тапсырыс берушілер үшін - тауарларды таңдау мен тапсырыс беруге жұмсалатын қаржылық және уақыттық шығындарды оңайлату және едәуір түрде қысқарту
Адал өнім берушілер үшін:
● бәсекелестік ортада өз сатылымдарыңызды арттыру мүмкіндігі
● қағаз коммерциялық ұсыныстарды беруге арналған шығындарды азайту
● сатып алу рәсімдеріне қатысу, яғни өнім берушіге барлық сатып алуды қадағалап, тауарды сату мүмкіндігін іздеудің қажеті жоқ, тапсырыс беруші тауарды өзі таңдайды, өнім беруші тек жеткізу шарттарын тексеріп, тапсырысты растау қалады.
Біз тауарларды жеткізудің серіктестік желісін жылдам дамытуды көздеп отырмыз, бұл жағдайды жақсартып, Дүкен қызметтері арқылы тауарларды жеткізу құнын қосымша төмендетуі мүмкін.
Біз тауарларды таңдаудың ыңғайлы әрі қарапайым құралын (мемлекеттік сатып алу заңнамасының шектеулерін ескере отырып) жасауға тырысамыз. Тапсырыс берушілердің де, өнім берушілердің де біздің клиенттеріміздің тілектеріне жедел әрекет етуге дайынбыз.
Жоқ. Жазылу тегін.
Ол үшін cізге бағалар анықтамалығын жүктеп, тауарды сатуға қою керек.
Оферта шартына сәйкес Оператор қызмет көрсету сапасының шарттары орындалмаған немесе заңсыз іс-әрекеттер барысында өнім берушілерді бұғаттауға құқығы бар. Бұдан бөлек, "Мемлекеттік сатып алу туралы" ҚР Заңының 6-бабында көрсетілген шектеулер заңнамалық түрде белгіленген.
Біздің сапа қызметіміз өнім берушілердің іс-әрекеттеріне үнемі мониторинг жүргізеді.
Иә, бұл процесс заңмен реттелмеген, бұл ретте тапсырысты растау үшін енгізілген бұғатталған қаражаттар автоматты түрде бұғаттаудан шығарылады.