• Аталған бөлім Omarket растаған индустриялық немесе ST-KZ сертификаттары бар тауарлар ғана көрсетілетін отандық өндірушілерге арналған.

    Функционалды баптау үшін "Жеке кабинет" - "Тауарлар" мәзірі - "Менің Дилерлерім" бөліміне өтіңіз.


    "Менің Дилерлерім" бөлімін ашу барысында Omarket растаған индустриялық немесе ST-KZ сертификаттары бар тауарлары бар "Дилерлер тізімі" нысаны көрсетіледі.


    Іздеу нысаны өз құрамында келесі өрістер мен батырмаларды қамтиды:

    Элементі

    Әрекет

    Тауар атауы

    Қолмен толтырылады.

    Артикул/SCU

    Қолмен толтырылады.

    Дилердің ЖСН/БСН

    Қолмен толтырылады.

    Нәтижелерді көрсету

    Бір іздеу өлшемшарттарын немесе бірнешеуін көрсетіп, "Нәтижелерді көрсету" батырмасын басу жеткілікті.

    Қалпына келтіру

    Іздеу өлшемшарттарын өзгерту қажет болса, "Қалпына келтіру" батырмасын басыңыз.

    "Дилерлер тізімі" нысанында "Өндірушінің бағасы" бағанында "Орнату" батырмасы бар.


    "Орнату" батырмасын басу барысында "Сауда - ұсыныстарды басқару (бағалар анықтамалығы)" нысаны бар бет ашылады.


    Бағаларды қосу функционалымен: https://omarket.kz/lerning/?COURSE_ID=1&CHAPTER_ID=029&LESSON_PATH=1.13.29  сілтемесі бойынша толығырақ таныссаңыз болады.

    Іздеу нәтижесі шыққаннан кейін, тауар туралы ақпаратты көру үшін "Редакциялау" қолжетімді әрекетіне басыңыз.


    "Редакциялау" батырмасын басқаннан кейін "Тауар туралы ақпарат", "Жаңа дилерді қосу" және "Қосылған дилерлер тізімі" нысаны бар парақша ашылады.


    Тауардың атауында гиперсілтеме орналасқан, оны басқан кезде жүйе толық сипаттамасы бар тауарды шолу парақшасына қайта бағыттайды.


    П"Жаңа дилерді қосу" нысанында "ЖСН/БСН" өрісін  толтыру барысында экранда келесі жолақтары бар іздеу нәтижесі шығады:

    ·         Атауы;

    ·         ЖҚТ-да тұрады.

    ·         сату аймақтары


    Назар аударыңыз! Егер өнім беруші жосықсыз қатысушылардың тізілімінде (бұдан әрі - ЖҚТ) тұрса, "ЖҚТ-да тұрады" деген жолақта "Иә" деген мән көрсетіледі және "Қосу" батырмасын басқан кезде жүйе "Өкінішке орай, Сізбен таңдалған дилер жосықсыз өнім берушілер тізіліміне енгізілген" деген хабарламаны көрсетеді.

    Егер өнім берушіні дилерлерге қосып үлгерген, бірақ біраз уақыттан кейін ол ЖҚТ-не түскен жағдайда, сатып алушы ұйымға тапсырыс беру кезінде осы өнім беруші есептеулерге қатыспайды.


    Аймақ бойынша дилерлік әрекетті баптау үшін сәйкес аймақтағы ұяшықтарды белгілеу керек


    Егер дилер тауар бойынша бағаларды ұсынып, тапсырыстарды тек белгілі бір елді мекендерде қабылдай алса, «Елді мекенді енгізу» жолына KATO немесе елді мекеннің атын енгізіп, таңдаңыз.


    Таңдаудан кейін елді мекен белгіленген ұяшықпен тізімнің соңына қосылады


    Әрі қарай параметрлерді растау және дилерді қосу үшін  "Қосу" батырмасын басыңыз. Таңдалған ұйым "Белсенді" мәртебесімен "Қосылған дилерлер тізімі" нысанында көрсетіледі.


    Кестенің «Аймақ»  өрісіндегі «Өңдеу» батырмасын басқан кезде, дилердің сату аймақтарын өңдеуге болатын қосымша терезе көрсетіледі.


    "Өшіру" батырмасын басқан кезде жүйе әрекетті растайтын модальды терезені көрсетеді:


    Назар аударыңыз! "Менің барлық тауарларыма арналған әрекетті орындау" өрісін белгілеу қолжетімді, бұл жағдайда дилердің мәртебесі Сіздің барлық тауарларыңызда өзгереді.

    Расталғаннан кейін Жүйе дилердің мәртебесін "Белсенді емес" күйіне өзгертеді.


    Нравится0