• "Өнім беруші" рөлі бар пайдаланушы Омаркет порталында сататын тауарларға бағаларды көрсету және одан әрі жұмыс істеу үшін, сондай-ақ жеткізу параметрлері үшін (Омаркетті жеткізуге жазылу немесе өзінің жеткізуі) міндетті түрде ең болмағанда 1 сату нүктесін қосуы қажет.

    Сату нүктелері бөлімінде ұйымның қосылған сату нүктелері және тасымалдаушылар терминалдарының мекенжайлары көрсетіледі.

    Бұл бөлімде сату нүктелерін қосуға, өңдеуге және жоюға болады.



    Сату нүктесін қосу үшін «Сату нүктесін қосу» түймесін басу керек:



    Нысандағы барлық міндетті өрістерді толтырып, «Сақтау» батырмасын басу керек



    Назар аударыңыз! «*» белгісімен белгіленген өрістер міндетті түрде толтырылады. Міндетті түрде белгіленбеген өрістерді, сондай-ақ ақпарат болған жағдайда толтыру қажет.


    Сақтау барысында Жүйе POSXXXX сату нүктесіне арналған жүйелік нөмір береді. Аталған нөмір үлгінің көмегімен сауда ұсыныстарын жүктеу барысында қажет.


    Сату нүктесін өңдеуге және жоюға болады, ол үшін қол жетімді әрекеттерден тиісті элементті таңдаңыз


    Маңызды! Тапсырыста қолданылатын сату нүктесін жою мүмкін емес.


    Егер сізде көптеген сату нүктелері болса, жылдам іздеу үшін сүзгіні қолданыңыз



    Өздігінен тасымалдау нүктелерін баптау

    Өздігінен тасымалдау нүктесін қосу үшін «Сату нүктесін қосу» батырмасын басыңыз



    Өздігінен тасымалдау нүктесін қосу үшін, «Өздігінен тасымалдау нүктесі» өрісіне "Иә» белгісін қою керек:



    Омаркеттің жеткізілімімен Тапсырыстарды алу жүргізілетін қалалар тізімінен «Елді мекенді» таңдау:



    Барлық деректерді толтырғаннан кейін, «Сақтау» батырмасын басу керек




    Сақтау барысында Жүйе POSXXXX сату нүктесіне арналған жүйелік нөмір береді. Аталған нөмір үлгіні пайдаланып сауда ұсыныстарын жүктеу барысында қажет.

    «Өздігінен тасымалдау нүктесі» бағанында «Иә» белгісі көрсетіледі - бұл өздігінен тасымалдау нүктесі дегенді білдіреді.



    Нравится0