|
OMarket.kz мобильді қосымшасы
OMarket платформасының функционалдығына жылдам қол жеткізу үшін OMarket.kz мобильді қосымшасы жасалды. Қосымша Android және iOS үшін қол жетімді. Мобильді қосымшада екі тіл қолданылады - қазақ және орыс.
Google Play-де жүктеу сілтемесі: https://play.google.com/store/apps/details?id=com.omarket.ecommerce
App Store-де жүктеу сілтемесі:
https://apps.apple.com/us/app/omarket-kz/id1639070255
Қосымшада авторалану
1. Қосымшаға кіру үшін https://omarket.kz сайтында тіркелу қажет.
2. Сайтта тіркелгеннен кейін мобильді қосымшада авторлану электрондық пошта мекенжайы немесе телефон нөмірі арқылы қолжетімді болады
3. Логин немесе телефон нөмірі бойынша авторланғаннан кейін пайдаланушыға ПИН-код, FaceID немесе саусақ ізі арқылы жылдам кіру бапталымы қол жетімді.
4. Парольді өзгерту https://omarket.kz сайтында қол жетімді.
Негізгі функционал
1. Тапсырыс беруші
Тапсырыс берушілер үшін қол жетімді қосымшаның функционалы:
-
Тапсырыс бойынша тізім мен толық ақпаратты қарау
-
Пайдаланушы профилін қарау
-
Push-хабарландыруларына жазылу, оларды алу және барлық хабарландыруларды қарау.
2. Өнім беруші
Өнім берушілер үшін қол жетімді қосымшаның функционалы:
-
Тапсырыс бойынша тізім мен толық ақпаратты қарау
-
Жаңа тапсырыстарды растау және қабылдамау
-
Сауда ұсыныстары бойынша тізім мен толық ақпаратты қарау
-
Сауда ұсынысындағы бағаны беру, сату нүктелеріндегі қол жетімділікті өзгерту
-
Сауда ұсынысын жариялау және өшіру
-
Әмиян ішіндегі баланс пен транзакцияларды қарау
-
Пайдаланушы профилін қарау
-
Push-хабарландыруларына жазылу, оларды алу және барлық хабарландыруларды қарау.
Тапсырыстарды қарау
1. Қосымшаға кірген кезде барлық тапсырыстардың тізімі ашылады. Төменгі мәзірде жаңа тапсырыстарды немесе пайдаланушының барлық тапсырыстарын қарау мүмкіндігі бар.
2. Экранның төменгі оң жақ бұрышындағы батырманы басқан кезде, пайдаланушыға тапсырыстарды оңай іздеу үшін (мәртебесі бойынша, тапсырыс нөмірі бойынша, жоспар тармағының атауы немесе нөмірі бойынша) сүзгілер қол жетімді.
3. Тапсырысты егжей-тегжейлі қарау үшін тізімдегі қажетті тапсырысты басу керек.
4. Тапсырыстың егжей-тегжейлі бетінде пайдаланушыға тапсырыс бойынша негізгі деректерді, алдын ала төленген ақпаратты, тауарлар туралы деректерді, тапсырыс беруші немесе өнім беруші туралы деректерді, жеткізу туралы деректерді, шарт туралы деректерді (бар болса) қарау қол жетімді.
5. Әр тауар туралы егжей-тегжейлі ақпаратты көру үшін қажетті тауардың карточкасына басу керек.
Тапсырысты растау/қабылдамау
1. Тапсырысты растау/қабылдамау тапсырысты егжей-тегжейлі қарау бетінің төменгі жағында қол жетімді.
2. «Растауға өту» батырмасын басқан кезде тапсырыс бойынша деректерді толтыру қажет нысан ашылады: тапсырыс берушінің нөмірі, мекен-жайы, филиалы, сату нүктесі, менеджер, жеткізу әдісі. Таңдалған сату нүктесіне және нысанда жеткізу әдісіне байланысты тапсырысты растау үшін соманы қайта есептеу жүргізіледі.
3. Енгізілген деректерді соңғы рет қарау үшін «Тапсырысты растау» батырмасын басу керек. Барлық деректерді тексергеннен кейін тапсырысты растау үшін «Иә» батырмасын басу керек.
4. Тапсырыстан бас тарту өту үшін тапсырысты егжей-тегжейлі қарау бетінің соңындағы «Бас тартуға өту» батырмасын басу керек.
5. Басқан кезде нысан ашылады, онда бас тарту себебін таңдау керек. Себебін таңдағаннан кейін тапсырыстан бас тарту үшін «Тапсырыстан бас тарту» батырмасын басу керек.
Сауда ұсыныстары
1. Сауда ұсыныстарын қарауға өту бүйірлік мәзір арқылы қол жетімді. Сауда ұсыныстарының тізімін ашқан кезде төменгі мәзірде жарияланған, мұрағатта, өңдеуде немесе тексеру қатесі мәртебесі бар сауда ұсыныстарын қарау мүмкіндігі бар.
2. Жоғарғы оң жақ бұрышта артикул немесе атау бойынша сауда ұсынысын іздеу қол жетімді.
3. Сауда ұсынысын егжей-тегжейлі қарау үшін тізімдегі қажетті элементті басу керек.
4. Сауда ұсынысының егжей-тегжейлі бетінде қалалар бойынша бөлінген тауар туралы негізгі ақпаратты, бағалар мен сату нүктелерінің тізімін қарау қол жетімді. Сондай-ақ, пайдаланушыға сауда ұсынысының бағасын беру, ұзарту/жариялау немесе сауда ұсынысын өшіру қол жетімді.
Сауда ұсынысының бағасын беру
1. Бағаны өзгерту немесе сату нүктелерінде тауардың болуы үшін тізімдегі қажетті қаланы таңдап, «Өзгерту» батырмасын басу керек.
2. Басқан кезде таңдалған қалада бағаның/қол жетімділікті өзгеру нысаны ашылады. Нысан арқылы пайдаланушы бағаны орната немесе өзгерте алады, сонымен қатар тізімдегі қажетті элементті басу арқылы сату нүктелеріндегі қол жетімділікті өзгерте алады. «Сақтау» батырмасын басқан кезде өзгерістер пайдаланушы құрылғысында жергілікті сақталады. «Жабу» батырмасын басқан кезде өзгерістер сақталмайды.
3. Барлық қажетті қалаларда баға/қол жетімділік өзгергеннен кейін, жергілікті өзгерістер тізімде «Сақталмаған өзгерістер бар» мәртебесі түрінде бейнеленетін болады.
4. Сауда ұсынысындағы барлық өзгерістерді жариялау үшін беттің төменгі жағындағы «барлық өзгерістерді сақтау» батырмасын басу керек.
5. Беттің төменгі жағындағы «Бас тарту» батырмасын басқан кезде барлық жергілікті алып тасталынады. Сондай-ақ, барлық жергілікті өзгерістер сауда ұсынысы бетінен шыққан кезде алып тасталынады.
6. Сондай-ақ, пайдаланушыға барлық қол жетімді сату нүктелеріне бір баға ұсынысын беру қол жетімді. Ол үшін сауда ұсынысының егжей-тегжейлі бетінің жоғарғы жағындағы «Барлық нүктелер үшін бір бағаны көрсету» батырмасын басу керек.
7. Басқан кезде нысан ашылады, онда сіз барлық сату нүктелеріне орнатылатын бағаны көрсете аласыз. Сондай-ақ, нысанда «Барлық сату орындарында қол жетімді» опциясы бар. Өшірулі күйде баға тек тауар бар сату нүктелеріне ғана белгіленеді. Қосылған күйде «Қол жетімді» мәртебесі барлық сату нүктелеріне орнатылады, бағасы да барлық нүктелерде белгіленеді.
8. «Барлық өзгерістерді сақтау» батырмасын басқан кезде бағалар жарияланады. «Жабу» батырмасын басқан кезде сауда ұсынысы өзгеріссіз қалады.
Сауда ұсынысын ұзарту/жариялау, өшіру.
1. Сауда ұсынысын ұзарту/жариялау немесе өшіру үшін экранның жоғарғы оң жағындағы опцияларды басу керек. «Жарияланған» мәртебесі бар ұсыныс үшін Ұзарту және Өшіру опциялары ашылады. «Мұрағат» мәртебесі бар ұсыныс үшін Жариялау опциясы ашылады.
2. Сауда ұсынысы басылған кезде бірден өзгертіледі
Әмиян
1. Баланс пен транзакция тарихын көру үшін бүйірлік мәзірдегі «Әмиян» бөліміне өту керек
2. Транзакцияларды олардың (түсу, есептен шығару, бұғаттау, бұғаттан шығару) түрі бойынша сүзу қол жетімді.
Пайдаланушы профилі
1. Жеке және ұйым туралы дербес деректерді көру үшін бүйірлік мәзірдегі «Пайдаланушы профилі» бөліміне өту керек.
2. Ұйым туралы деректерді көру үшін ұйым бөліміндегі «Көру» батырмасын басу керек.
Бапталымдар
1. Қосымша бапталымдарын өзгерту бүйірлік мәзірдегі беріліс түріндегі батырманы басу арқылы қол жеткімді.
Бапталымдар бетінде келесі функционал қолжетімді:
1. Қосымшаға жылдам кіру кодын өзгерту, өшіру немесе орнату. Жылдам қол жеткізу кодын өзгерту үшін ағымдағы кодты, жаңа жылдам қол жеткізу кодын енгізу, жаңа кодты қайталау қажет. Кодты өзгерткеннен кейін беттің төменгі жағында оны сәтті өзгерту туралы хабарлама пайда болады. Ағымдағы код дұрыс енгізілмеген жағдайда, беттің төменгі жағында қате туралы хабарлама пайда болады.
2. Биометриялық кірісті қосу/өшіру. Қосымшаға FaceID немесе саусақ ізі арқылы кіру үшін бапталымдар тізімінде осы опцияны қосу керек.
3. Push-хабарландыруларын қосу/өшіру. Мобильді қосымшаға хабарландырулар алу үшін бапталымдар тізімінде осы опцияны қосу керек.
4. Хабарландыру санаттарын баптау. Қосылған Push-хабарландырулар кезінде пайдаланушы хабарландырулар келетін белгілі бір оқиғаларды таңдау мүмкіндігіне ие болады. Өзгерістер пайдаланушының барлық құрылғыларында қолданылатын болады.
5. Қосымша тілін баптау. Қосымша тілін таңдау үшін бапталымдар тізіміндегі «Қосымша тілін» басу керек.
Сондай-ақ, тілді өзгерту қосымшаның бүйірлік мәзірінде қол жетімді.
Хабарламалар
1. Жаңа хабарландыруларды алған кезде қосымшаның бүйірлік мәзірінде олардың саны көрсетіледі:
2. Сондай-ақ, қосымшаны пайдаланған кезде және/немесе фондық режимде хабарландырулар пайда болады.
3. Егер пайдаланушыға тапсырысқа қатысты хабарлама келсе, оны басқан кезде қосымшаның ішіндегі тапсырыс беті ашылады.
4. Сондай-ақ, пайдаланушыға тізім түрінде бірыңғай хабарландыру қоймасы қол жетімді. Хабарландырулар тізіміне қосымшаның бүйірлік мәзірі арқылы өтуге болады. Мұнда пайдаланушы жаңа және оқылған хабарландыруларды көре алады.
5. «Жаңа» қойындысындағы хабарға басқан кезде хабар оқылған күйге ие болады және Оқылған бөлімге жіберіледі.
6. Пайдаланушы беттің төменгі жағындағы «Барлығын оқу» батырмасын басу арқылы барлық хабарландыруларды оқылған деп белгілей алады.
7. Егер тізімдегі хабарлама белгілі бір тапсырыспен байланысты болса, онда ол «Тапсырысқа өту» батырмасын көрсетеді, оны басқан кезде қосымша ішіндегі тапсырысты егжей-тегжейлі қарау беті ашылады.
8. Пайдаланушы хабарландыруларды Санаттар тобы бойынша сүзе алады. Ол үшін жоғарғы оң жақ бұрышта қажетті санатты таңдау керек:
Нравится0
|