• Коммерциялық ұсыныс бойынша тауар карточкасынан өтінім жіберу


    Мемлекеттік ұйым бюджетін жоспарлау үшін тауар бойынша коммерциялық ұсыныс өтінімін жіберу үшін "Кммерциялық ұсынысқа өтінім" батырмасын басу қажет.  


    Жүйе "Бюджеттік өтінім үшін коммерциялық ұсыныс бойынша өтінім қалыптастыру" қосымша терезесін ашады: 


    Өрістердің сипаттамасы

    Атауы

    Элемент

    Толтырылуы

    Сипаттамасы

    Шұғыл

    Қосқыш

    Үнсіздік жағдайда сөндірулі

    Қосқышты қосылған қалпына ауыстырғанда Ширек пен Жыл мәнін таңдау мүмкіндігі болмайды, әрі қарай кезең өрісі "Шұғыл" мәнін қабылдайды. Коммерциялық ұсыныс ағымдағы жылдың ағымдағы айына қалыптастырылады. 

    Ширек*

    Мәні таңдалатын өріс

    Үнсіздік жағдайда ағымдағы ширек мәнін қабылдайды

    Ағымдағы жыл үшін ағымдағы ширектен бастап таңдауға болады, қалған жағдайларды . ден ке дейінгі мәнді таңдауға болады. 

    Жыл*

    Мәні таңдалатын өріс

    Үнсіздік жағдайда ағымдағы жыл мәнін қабылдайды

    Ағымдағы жылды және келесі 3 жылды таңдауға болады.

    Жеткізу орны*

    Қолданушы толтыратын өріс

    Үнсіздік жағдайда "Сіздің қалаңыз" опциясының мәнін қабылдайды

    Тұрғылықты мекен-жайды КАТО немесе атауы бойынша іздеуге болады. Таңдағаннан кейін КАТО, облысы және атауы көрсетіледі.

    Сатып алынатын тауар саны

    Қолданушы толтыратын өріс

    Толтыру міндетті емес

    Толтырылған жағдайда, осы ақпаратпен қалыптастырылған коммерциялық ұсыныста тауар саны көрсетіледі.

    Өнім берушілер*

    Таңдау мүмкіндігі бар тізім

    Үнсіздік жағдайда тауар бойынша баға ұсынысы бар өнім берушілердің тізімі көрсетіледі

    Өнім берушінің ұйымын таңдау үшін құсбелгіні қою қажет. Өнім беруші ұйымын таңдағанда "Жіберу" батырмасын басқаннан кейін жүйе таңдалған өнім берушілерге Коммерциялық ұсыныс өтінімін жібереді. 

    Өнім берушіні қосу

    Қолданушы толтыратын өріс

    Үнсіздік жағдайда толтырылмайды

    Тізімге қажетті ОМаркетте тіркелген, бірақ тізімде көрсетілмеген өнім берушіні қосу үшін қажет. Іздеуді ұйым БСН/ЖСН немесе атауы бойынша жүргізуге болады.
    Табылған өнім берушіні таңдаған кезде, ұйым тізім соңына таңдалған құсбелгімен қосылады. 

    Жабу

    Батырма

     

    Басқан кезде жүйе қосымша терезені жабады.

    Жіберу

    Батырма

     

    Басқан кезде жүйе деректерді тексереді және таңдалған өнім берушілерге өтінім жібереді. 


    Барлық қажетті өрістерді толтырып, жіберу тбатырмасын басқаннан кейін жүйе таңдалған өнім берушілерге өтінім жібереді, өтінім 30 күнтізбелік күн ішінде қарастырылуы қажет. Әрі қарай, жүйе "Өнім берушілерге жіберілген коммерциялық ұсыныс өтінімдерінің өңдеу күйімен танысу сілтеме арқылы қол жетімді" хабарламасын көрсетеді.



    Тапсырыс берушінің Жеке кабинетіндегі коммерциялық ұсыныстар


    Сілтемені басқан кезде жүйе Тапсырыс берушінің Жеке кабинетіндегі "Коммерциялық ұсыныстар" бетіне жөнелтеді. Сонымен қатар, осы бетке Тапсырыс берушінің Жеке кабинетінің негізгі мәзіріндегі "Тапсырыстар - Коммерциялық ұсыныстар" бөліміне басу арқылы өтуге болады.



    "Коммерциялық ұсыныстар" бетінде Тапсырыс берушінің барлық коммерциялық ұсыныстарының тізімі келесі ақпаратпен көрсетілген: коммерциялық ұсыныстың жүйелік нөмірі, мерзімі, жіберілген күні, өңделген күні, тауардың атауы, жеткізушінің атауы, мәртебесі, коммерциялық ұсыныстары.
     


    Осы бетте тауардың атауы, коммерциялық ұсыныстың нөмірі, жеткізушінің атауы немесе БСН/ЖСН және коммерциялық ұсыныстың мәртебесі бойынша іздеу мүмкіндігі бар.
    Коммерциялық ұсыныстардың 3 мәртебесі бар: 
    - Жаңа - өнім берушімен әлі өңделмеген жаңа коммерциялық ұсыныстар.
    - Бекітілген - өнім беруші қол қойған коммерциялық ұсыныстар, тізімдегі "Коммерциялық ұсыныстар" өрісінде ОМаркет үлгісімен қалымтастырылған немесе жеткізуші өз бетімен тіркеген коммерциялық ұсынысты жүктеуге болады.
    - Қабылданбады - өнім беруші бастартқан немесе жіберілген күннен бпстап 30 күнтізбелік күн ішінде өнім беруші әрекетсіздік танытқандықтан жүйе қабылдамаған мәртебесіне ауыстарған коммерциялық ұсыныстар.

    Бағдарлаушы белгісін басқан кезде жіберілген күні бойынша немесе өңделген күні бойынша(өсу немесе кему ретімен) сұрыптау мүмкіндігі бар:
       


    Нравится0