|
Өнім берушіге қалдырылған пікірлермен танысу үшін өнім берушінің жеке кабинетінде "Ұйым профилі - Өнім берушіге пікірлер" бетіне өту қажет.
"Өнім берушіге пікірлер" бетінде расталған тапсырыс берушілермен ағымдағы өнім берушіге қалдырылған пікірлер тізімі көрінеді.
Пікір №, Тапсырыс № / тапсырыс ID, тапсырыс беруші ұйымының БСН/ЖСН, Тапсырыс беруші ұйымының атауы арқылы әздеуге болады.
Пікір номеріне басқан кезде жүйе пікір бойынша толық ақпарат көрсетілген пікір карточкасы бетіне жолдайды.
Қосымша өнім берушіге пікірлермен оның бағасы бар тауар карточкасы арқылы танысуға болады. Тауар бойынша баға ұсыныстары тізімінде өнім берушінің атауына басқан кезде жүйе өнім берушінің бағасы бар тауарлар тізімі мен өнім беруші ұйымы туралы қысқаша ақпарат бар бетке жолдайды.
Ашылған бетте өнім беруші ұйымының орташа бағасы, өнім беруші ұйымының белгілері (ОТӨ, дистрибьютор), БСН/ЖСН, орындалған тапсырыстар саны, байланыс телефоны, ЭМС РНУ және ООИ реестрінен ақпаратымен танысуға болады.
"Сатушыға пікірлерге көшу" гиперсілтемесін басқан кезде жүйе расталған тапсырыс берушілермен қалдрылған өнім берушілердің барлық пікірлерінің тізімі бар бетке жолдайды.
Нравится0
|